Құжат 2040 жылға дейін жұмыс істейді
АҚШ Ресейде немесе ресейлік кәсіпорында өндірілген сәулеленбеген, төмен байытылған уранды импорттауға тыйым салғалы отыр. Осылайша АҚШ Ресейге деген уран тәуелділігін жоймақ, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ақ үй сайтының жазуынша, АҚШ президенті Джо Байден ресейлік уранды импорттауға тыйым салу туралы заңға қол қойды.
Осылайша, ел билігі "Ресей Федерациясында немесе ресейлік кәсіпорында өндірілген сәулеленбеген, төмен байытылған уранды импорттауға" тыйым салады.
Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Джейк Салливан бұл тыйым Ресейдің азаматтық атом энергетикасына тәуелділігін төмендету және ақырында жою арқылы «АҚШ-тың энергетикалық және экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға» арналғанын түсіндірді.
30 сәуірде АҚШ Сенаты Өкілдер палатасынан кейін төмен байытылған уранды импорттауға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады. Құжат 2040 жылға дейін жұмыс істейді. Алайда 2028 жылдың қаңтарына дейін Энергетика министрлігі мемлекеттік хатшымен және қаржы министрімен келісе отырып, егер басқа жеткізу көздері болмаса, Ресей уранының импортына рұқсат бере алады.
Сол айда Байден АҚШ алғаш рет атом реакторлары үшін 90 келілік байытылған уран өндіргенін хабарлады. Оның айтуынша, жыл соңына дейін бір тоннаға жуық уран өндіру жоспарланған. Бұл 100 мың үйді энергиямен қамтамасыз етуге жеткілікті, деп атап өтті америкалық көшбасшы.