×

«Айқайламаңыз!»: Құлсары туралы сұрақ қойған журналистерге Бозымбаев ұрысып тастады

Үкімет мүшелері бұл сұраққа жауап беруге аса құлықты емес секілді

«Айқайламаңыз!»: Құлсары туралы сұрақ қойған журналистерге Бозымбаев ұрысып тастады
Фото: ашық дереккөзден

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Құлсарыдағы суға кеткен үйлердің құнын Атырау облысы мен Жылыой ауданының әкімдігі бағалайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Олар айдың соңына дейін бағалау жұмыстарын аяқтауы керек. Содан кейін бірдеңе айтуға болады.  Заңға сәйкес, қандай үйлер апатты жағдайда, қандай үйлерді қалпына келтіру қажет екенін анықтау үшін бағалау жүргізілуі  тиіс. Бағалау деректеріне сүйене отырып, бір нәрсе туралы айтуға болады», – деп жауап берді Қанат Бозымбаев.

Үкімет мүшелері бұл сұраққа жауап беруге аса құлықты емес секілді. Тілшілерге жауап беру кезінде вице-премьер «Вы слышите меня?», «Айқайламаңыз» деген сияқты сөздер айтып, тыйып тастады.

Айта кетейік, су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары әр шаршы метрге келтірілген шығынды 200-250 мың теңгеден емес, 400 мың теңгеден есептеп беруді сұрап отыр. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қала тұрғындарымен кездесуінде мүлкі бүлінген деп танылған жәбірленушілерге өтемақы Құлсары қаласында шаршы метрі шамамен 200-240 мың теңгені құрайтын нарықтық бағамен төленетінін түсіндірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Жоспарланған арандату»: Ермұрат Бапи Атырауда бұрмаланған ту ұстап суретке түскендер туралы айтты
Бүгін, 17:26

«Жоспарланған арандату»: Ермұрат Бапи Атырауда бұрмаланған ту ұстап суретке түскендер туралы айтты

Бұған дейін әлеуметтік желіде бет-аузын тұмшалағандардың суреті тараған еді
Құжатта 20 тонна ғана бар картопты, 2000 тонна деп жазып жіберіп отырған
Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар адам шығыны болмайтын, бірақ тиімділігі жоғары техникалардың алдыңғы қатарға шығуымен ерекшеленеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →