×

Жұбайының келісімінсіз несие берілмейді: сенаторлар заңға түзетулер енгізуді ұсынды

Сенаторлар қазақстандықтардың шамадан тыс кредит алуын төмендетуді көздейтін заңды қайтарды

Жұбайының келісімінсіз несие берілмейді: сенаторлар заңға түзетулер енгізуді ұсынды
Фото: Freepik

Енді жеке тұлғаның қаржы ұйымдарынан алатын несиесінің көлемі 3,7 млн теңгеден асатын болса, ол жұбайының рұқсатын алуға міндеттеледі. Бұл туралы Сенат депутаты Сергей Карплюк айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Сенат депутаттары қазақстандықтардың шамадан тыс кредит алуын төмендетуді көздейтін заңды Мәжіліске қайтарды.

Заңға енгізілген негізгі нормаларды Сергей Карплюк түсіндірді.

«Енді ерлі-зайыпты кредит алуды жоспарласа, 3,7 млн теңге несие алған жағдайда, екеуінің де келісімі керек. Cондай-ақ кредитті төлеу мерзімін 90 күннен кешіктірсеңіз, онда сізге банк те, микроқаржылық ұйым да несие бермейді. Бұл шаралардың барлығы халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендетуге бағытталған», – деді депутат.

Сенатордың Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов толықтырды.

«Сенатор Сергей Карплюк айтқандай, (несиенің сомасын) нормативті-құқықтық актінің аясында 1 мың АЕК (1 АЕК – 3 692 мың теңге, 3 млн 692 мың теңге) деңгейінде болуы керек деп анықтадық. Бұл – шамамен 3,7 млн теңге. Біздің ойымызша, бұл сома қандай да бір шұғыл қажеттілікті жабуға жетеді. Оның ішінде медициналық көмек мәселесін де шеше алады.

Сондай-ақ неге 1 мың АЕК деп көрсеттік. Салық кодексі аясында 2025 жылдан бастап «Қазақстанның барлық азаматы 1 мың айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын активін табыс декларациясында көрсетуі керек» деген норма күшіне енеді. Оның ішінде шетелдік банктердегі есепшоттарда сақталған қаржы да бар. 1 мың АЕК міндетті түрде декларацияда көрсетілуі керек. Келісім (несиенің мөлшері) 1 мың АЕК-тен (3,7 млн теңге) асқанда керек», – деді Олжас Қизатов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
22.11.2024ж. 17:35

Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді

Компанияның банк алдындағы 12 млрд теңге қарызы өтелмеген.  
Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →