×

Бишімбаевтың адвокаты полицияға арызданды – тергеу жүргізілуде

Тергеудің нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады

Бишімбаевтың адвокаты полицияға арызданды – тергеу жүргізілуде
Фото: Jogargy_sot

Экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов қоқан-лоққыларға байланысты полицияға арыз жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Соталды тергеуді Астана Сарыарқа аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

"Белгісіз тұлғалардың қорқытуы бойынша Қылмыстық кодекстің 409-бабы 2-бөлігі ("Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе соталды тергеп-тексеруге байланысты қорқыту немесе күш қолдану әрекеттері" – еск.) бойынша соталды тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлады ІІМ Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық және жан-жақты зерделеуді қамтамасыз етуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бұл қылмыс 3 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу (2024 жылы 11 миллион теңгеден астам) немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру/бас бостандығын шектеумен жазаланады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында
Кеше, 18:26

Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында

Қазіргі күнде ЖЭО-1 нысанындағы жөндеу жұмыстары қалыпты жүріп жатыр деуге болады
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға көтерілді
Ғылым академиясында тамыз-қыркүйекте сайлаудың жаңа циклы өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →