×

Утилалымды тоқтату туралы өтінішті арнайы комиссия қарайтын болды

Министр өтінішті қарау процесі қалай өтетінін түсіндірді

Утилалымды тоқтату туралы өтінішті арнайы комиссия қарайтын болды
Фото: kursiv.media

Бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утильалымға қатысты жиналған петицияға қатысты тілшілердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазірдің өзінде утильалымды тоқтату керек деген петицияға 50 мыңнан астам адамның қолы жиналған. 

ҚР АПК-нің 90-4-бабына сәйкес 50 000 қол қою шегіне жетуіне байланысты өтініш Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігіне өз құзыреті шегінде қарау үшін жолданды. ҚР АПК 90-5 тармағына сәйкес келіп түскен өтінішті қарау мерзімі тіркелген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейін. 

Министр өтінішті қарау процесі қалай өтетінін түсіндірді.

«Бұл мәселе бойынша айтар болсақ, өздеріңіз білетіндей, процесс өте жақын арада жүзеге асады. Алдымен комиссия құрылады, олар аймақтарға барады, кеңестер жүргізеді. Мүмкін бірнеше өндіріс орындарын аралайды. Сосын қорытынды жасалады. Бұдан кейін қоғамдық тыңдаулар 24 мамырдан 5 шілдеге дейін жалғасады. Егер бізде балама петициялар болса, олар да қаралады. Мен сіздерге қоғамдық тыңдаудың нәтижесі қандай болатынын айта алмаймын, біз отырысты барынша ашық өткізуге, өтініш жазғандардың пікірін тыңдауға тырысамыз. Сондай-ақ балама пікірлер бар, оны да ескеруіміз керек. Өйткені балама пікірлер де жақсы дауыс жинап жатыр.  Мемлекет оны да заңда белгіленген тәртіппен қарайды», - деді министр. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Индустрия министрлігіне қайта өңдеуге қатысты үндеуде небәрі 13 күнде 44 мың қол жиналғанын жазған болатынбыз. Петицияның өзі 10 наурызда басталған. Оның авторы – қоғам қайраткері, «Утилалымға жол жоқ!» қозғалысының жетекшілерінің бірі – Санжар Боқаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында
Кеше, 18:26

Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында

Қазіргі күнде ЖЭО-1 нысанындағы жөндеу жұмыстары қалыпты жүріп жатыр деуге болады
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға көтерілді
Ғылым академиясында тамыз-қыркүйекте сайлаудың жаңа циклы өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →