×

«Болашақ» орталығындағы дау немен шешілді – министр жауап берді

Дауға қатысты министр пікір білдірді

«Болашақ» орталығындағы дау немен шешілді – министр жауап берді
Фото: gov.kz

Бүгін Сенат отырысынан кейін кулуарда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығындағы дауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің жүргізуші-модераторы, 24KZ телеарнасының экс-тележүргізушісі Мақпал Дәрібаева мен 24KZ телеарнасының кешкі жаңалықтар бөлімінің шығарушы-редакторы Наталья Воробьёва мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен БАҚ өкілдерінен көмек сұраған еді. Олар 2016 жылы «Болашақ» бағдарламасының түлегі 24KZ телеарнасының бұрынғы тележүргізушісі Валерия Гавриленкоға кепіл болған. Салдарынан бастары дауда қалып отыр.

Олардың болжамынша, 2019 жылы Валерия Гавриленко «Болашақ» орталығының қызметкерлерімен сөз байласып, 2 пәтерді кепілден заңсыз шығарып, сатып жіберген. Содан кейін Ұлыбританияға қоныс аударған. Енді «Болашақ» орталығы екі журналистен оқудың ақшасын, яғни шамамен 30 млн теңге қайтаруды талап етіп отыр.

Енді осы дауға қатысты министр пікір білдірді. Ол 2022 жылғы тексеріс кезінде мүліктің кепілден заңсыз босатылу дерегі расталғанын айтты. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен. Сондай-ақ  қазір бұрынғы «Болашақ» стипендиаты Гавриленко соманы толығымен төлеуге міндеттелген. 

«Осыдан 2-3 күн бұрын Валерия Гавриленко кінәсін толыққанды мойындап, екіжақты келісімшартқа қол қойылды. Сол келісімшарт аясында ол бүкіл ақшаны қайтаруға жауапкершілік алды. Ал, жауапты тұлғаларға келетін болсақ... Тиісті заңнама аясында Бас прокуратура мәселені бастап кетті», - деді Саясат Нұрбек.

Ол осы ретте халықаралық бағдарламалар орталығының бұрынғы басшылары мен қызметкерлерін жауапкершілікке тарту бойынша жедел іс-шараларды жеделдету үшін Бас прокурорға хат жолдағанын мәлімдеді.

«Валерия Гавриленко ақшаны толық қайтарамын деп өзіне жауапкершілік алды, тиісті келісімшартқа қол қойылды. Ол ақшаны төлеуді бастап кетті. Сондықтан гарант иелеріне ешқандай шағым жоқ. Біз жауап беруші үш тарапқа шағым түсіруге мәжбүр болдық. Себебі, заң аясында олар да жауапты. Осылай істеуге мәжбүр болдық. Валерия Гаврилиенко барлық ақшаны төлесе, гарант иелеріне шағым болмайды. Менің ойымша, оларға дұрыс кеңес берілмеген. Олар қауіпті сезіп, залалды толық өтейміз деп ойланған. Бүгінде барлық шағым Валерия Гаврилиенко қатысты», - дейді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында
Бүгін, 18:26

Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында

Қазіргі күнде ЖЭО-1 нысанындағы жөндеу жұмыстары қалыпты жүріп жатыр деуге болады
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға көтерілді
Ғылым академиясында тамыз-қыркүйекте сайлаудың жаңа циклы өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →