×

«Абайды танымай Әуезовті оқымағандар»: Тоғызқұмалақтың атауын өзгертуге қатысты федерация мәлімдеме жасады

Ұлттық ойынның атауы өзгере ме

«Абайды танымай Әуезовті оқымағандар»: Тоғызқұмалақтың атауын өзгертуге қатысты федерация мәлімдеме жасады
Фото: ашық дереккөздерден

Кеше Мәжілісте депутат Гүлдана Нұрымова тоғызқұмалақ зияткерлік ойыны атауын өзгерту туралы бастама көтерген. Осыған қатысты Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мәжілістің бірнеше депутаты ұлттық мәдени мұрамыз тоғызқұмалақтың атын өзгерту қажет деп үкіметке сауал жолдапты. Ғасырлар бойы халық пайдаланып келген төл атаудан жирену, қасиетті ұғымдарға немқұрайлы қарау - ұлттық құндылықтар аясында қоғамды ұйыстыруға бастамайтын іс екені сөзсіз. Көзіқарақты кез келген адам «бұлар басқаны қойғанда Абайды танымай  Әуезовті оқымағандар ма?» деп қайран қалған шығар. Бастамашылардың кімді оқитынын білмейміз, бірақ қағидалы ақиқатты түсінбейтіні анық. Тоғызқұмалақ – ұлттың мыңжылдық тарихы бар зияткерлік ойыны. ЮНЕСКО оны адамзаттың мәдени мұрасы деп 2020 жылы мойындаған. Тоғызқұмалақ ұлтымыздың әлемдік мәдениетке қосқан үлесінің жарқын үлгісі болып саналады», - делінген хабарламада. 

Федерация сырттан келген бір – ер адам түрлі пиғылмен атауын бұрмаласа, ондай тәсілді  біздің мәдениет пен тарихи жадымызға қарсы сыртқы күштер талай қолданғанын тарихтан да білеміз. Тарихи, ғылыми дереккөздерде, көркем және ауыз әдебиетінде, ұлттың жадында ойын тек тоғызқұмалақ деп аталады. Ұлттық ойынның атауы Парламентке де, Үкіметке де, тоғызқұмалақ федерациясына да тиесілі емес деп отыр. 

«Ол еш адамның, не ұйымның меншігіне жатпайды. Ойынның да, оның атауының да иесі- қазақ халқы. Біздің перзенттік парызымыз - тоғызқұмалақты дамытып, қанатын кеңге жаю. Қазір әлемнің 50 астам елінде тоғызқұмалақ көзбе -көз ойналса, интернет арқылы 100 мемлекет тұрғындары түрлі сайыстарға қатысуда. 6 әлем чемпионаты 25-30 ел өкілдерінің қатысуымен өтті. Жаханға танымал зияткерлік ойындар сайттарында тоғызқұмалақ көшбасшы орында. Қазақстанда 210 мың адам түрлі деңгейде тұрақты шұғылдануда», - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында
Кеше, 18:26

Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында

Қазіргі күнде ЖЭО-1 нысанындағы жөндеу жұмыстары қалыпты жүріп жатыр деуге болады
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға көтерілді
Ғылым академиясында тамыз-қыркүйекте сайлаудың жаңа циклы өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →