×

«Опырылып түсті»: Ринат Зайытов тағы бір жемқорлықты айтты

Ол бұл жерде жағдайдың екіжақты болғанын жеткізді

«Опырылып түсті»: Ринат Зайытов тағы бір жемқорлықты айтты
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов жол сапасын жақсартуға бөлінген қаржы туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Депуттардың барлығы миллиардтаған қаржы бөлініп жатыр, тиімсіз жұмсалып жатыр дегенді жиі айтабы. Сол туралы және республикалық жолдардың сапасы туралы не ойлайсыз?», - деді тілші.

Ол бұл жерде жағдайдың екіжақты болғанын жеткізді.

«Мысалы, ақшаның желінгені рас, ол дәлелденді. Қазір оны зерттеумен айналыссақ, жолды жөндеу тоқтап қалады. Жолдың зардабын тартатын тағы да халық. Сондықтан біз Аягөздің жолын қайта қаржыландыру туралы сауал жолдадық. Негізі бірінші кезекте жолды бітіру керек. Халықтың бүкіл тұрмыс-тіршілігін тежеп отыр. Абай обылысындағы айналма жолдың өзі зиян, көліктердің дөңгелері жарылып қалады», - дейді Ринат Зайытов.

Оның айтуынша, сапасыз жолдың кесірінен көптеген адам зардап шегуде. 

«Жоспарларында осыншама ақша деп көрсетеді, бірақ оны қадағалау жоқ. Мысалы, өткенде Атырау облысында жаңадан жөнделген жол опырылып түсті. Қаншама көлік зардап шекті. Алматы мен Астананың тас жолында күн сайын қаншама адам өліп жатыр. Негізгі себеп – жолды жөндеудің уақытында аяқталмауы, жолаушылар тар жолда жарысып жатады», – дейді депутат.

Ол тиімсіз жұмсалған қаржыны кім тексеріп жатқанын сұрап білгенін айтты. 

«Бірінші Жоғары аудиторлық палата тексереді. Бірақ олардың «қарастырамыз» деген жауабы күмәнді. Нақты бір адам жауапкершілік алып қана қоймай, соған тікелей кінәлі адамдар жауап бермесе, бұл процесс тоқтамайды. Өтірік айтпай-ақ қояйын, жол мәселесіне қатысты сұрақтарды 10 жыл бойы қойып келеміз. Бірақ тура осы жауапты естиміз. Министр де «қарастырамыз» деген стандарт жауап береді. Баяғыдан айтып жүргеніміз, жауапкершілікті күшейту керек. Мысалы, бізде жол салуға кінәлі дейді де компанияның басшысын да жауапқа тартпайды. Ақшаның бөлінуі, жұмсалуы, оның бәріне жауапты адам бекітіледі. Министрліктің тікелей қатысы бар. Айналып келгенде сыбайлас жемқорлықтың айнасы боп шыға келеді», - дейді Ринат Зайытов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір атағынан айырылды
Кеше, 17:45

Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір атағынан айырылды

Ғылым академиясында тамыз-қыркүйекте сайлаудың жаңа циклы өтеді
Мәсімовтің кешірім беру туралы өтініші 27 маусымда кешірім беру мәселелері жөніндегі комиссияда қаралды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →