×

Сенатор Атыраудағы жантүршігерлік қылмыстың сотын қадағалауды ұсынды

Оның айтуынша, соттың әділ өтуін қоғам болып жан-жақты қадағалау қажет.

Сенатор Атыраудағы жантүршігерлік қылмыстың сотын қадағалауды ұсынды
Фото: parlam.kz

Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі Атырау облысындағы базарлардың бірінде болған оқиға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Атыраудағы жағдайды көріп, жағамды ұстадым. Машинасына түскен бір сызық үшін тапа-тал түсте, базардың ортасында адамды ұрып өлтіру деген тіпті, сұмдық қой.. Төңіректегілер де бей-жай, бейне меңіреу сияқты. Құмырсқаға қиянат жасамайтын, жәндіктің жолын кеспейтін жоралы, жүректі жұрттың жұрнағы едік. Соншама агрессия қайдан шығады?», – деп жазады депутат. 

Оның айтуынша, соттың әділ өтуін қоғам болып жан-жақты қадағалау қажет.

«Адамшылығы да, аяушылығы да жоқ малғұнға аяушылық жасалмауы тиіс. Соттың әділ өтуін қадағалайық. Кісі қолынан қайтыс болған марқұмға иман байлығын, жақындарына да сабыр тілеймін!», – деп жазды сенатор.

Айта кетейік, Атырауда ер адам көлігін сырып кеткен зейнеткерді ұрып өлтірген видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады. 

Полицияның мәлімдеуінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды. Жәбірленуші алған дене жарақаттарынан ауруханада қаза тапқан. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - дейді полициядағылар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Нетаньяху ХАМАС-ты айыптап, Газа секторына соққы беруді бұйырды
Бүгін, 09:58

Нетаньяху ХАМАС-ты айыптап, Газа секторына соққы беруді бұйырды

Израиль мен ХАМАС арасындағы ахуал қайта ушықты
Қазіргі уақытта екі ел стратегиялық серіктестікке айналып жатыр
Қазақстанның халықаралық және сыртқы саясатын іске асыру - ел тәуелсіздігінің басты кепілі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →