×

Кәрім Мәсімов түрмеден босап шықса да таңғалмаймын – Зайытов

Мәжілісмен оның түрмеден босап шықса да таңғалмайтынын жеткізді

Кәрім Мәсімов түрмеден босап шықса да таңғалмаймын – Зайытов
Фото: parlam.kz / ашық дереккөзден

Мәжілісте тілшілердің бірі Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовқа Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, бүгінде абақтыда отырған «Кәрім Мәсімовтің бостандыққа шығуы мүмкін бе?» деген сауал қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәжілісмен оның түрмеден босап шықса да таңғалмайтынын жеткізді. 

«Таңғалмаушы едім. Бізде бәрі мүмкін. Жақында ғана бір кісі (Қайрат Боранбаев - редакция) түрмеден шыға сала Паралимпиада комитетінің төрағасы болып сайланды емес пе?! Сондықтан ештеңеге таңғалмаймын. Біздің сот жүйесі қалай жұмыс істейтінін әлі күнге дейін түсіне алмаймын», – деді Зайытов.

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алуға тырысқаны үшін сотталған Кәрім Мәсімов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа кешірім жасау туралы өтініш білдіргені туралы ақпарат тарады.

Еске салайық, мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алуға тырысқаны үшін сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов кешірім жасау туралы өтініш білдірген болатын. Осыған қатысты Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров пікір білдірген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын көпір ашылды
21.10.2024ж. 15:00

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын көпір ашылды

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір логистикалық бағыттарды жақсартып, шекаралас елдермен үздіксіз байланысты қамтамасыз етеді
Ол Сыртқы істер министрлігін Қырғызстанның мүдделерін белсендірек дипломатиялық қорғауға шақырды
Ресейдің әскери тұрғыдан жеңілмейтіні анық - Қасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →