×

«Халықтың тыныштығын ойласа...»: Ринат Зайытов биліктегілерді петицияға бей-жай қарамауға шақырды

Депутаттың айтуынша, 50 мың қол жинаған петициялардың әділ шешімін тапқаны маңызды

«Халықтың тыныштығын ойласа...»: Ринат Зайытов биліктегілерді петицияға бей-жай қарамауға шақырды
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов утилалымға қатысты петиция мәселесі қалай шешілуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутаттың айтуынша, 50 мың қол жинаған петициялардың әділ шешімін тапқаны маңызды. Үкімет халықтың үнін естіп, ұсыныстарына лайықты жауап беруге тиісті екенін айтады.

13 маусымда халықты алаңдатқан өзекті мәселелердің бірі – утилалымды алып тастау туралы петиция қаралды. Алайда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өткен жұмыс тобының отырысына петиция авторлары қатысудан бас тартқан. Оларға қолдану барысында видеоға түсіруге тыйым салынғандықтан петицияны қарау жөніндегі комиссия отырысынан қалыс қалды.

«Олардың онлайн трансляцияға құқы бар ғой. Олардың артында 50 сың адам тұр, олар де ертең «Не істедіңдер? Не бітірдіңдер?» деп сұрайды. Қазір сөзге сенетін заман емес, сондықтан олар жазғысы келді. Дұрыс істеді деп ойлаймын. Осы бастан министрлік оларды «өйтпеңдер, бүйтпеңдер», деп төпелей беретін болса әрі қарай жұмыс нәтижесіз болады», – дейді мәжілісмен Ринат Зайытов.

Депутат биліктегілердің петицияға бейжай қарамай, тиімді әрі әділ шешім шығаруға мүдделі болуы керек екенін айтады.

«Егер елдің тыныштығын ойласа, халыққа жаны ашыса сондай шешім шығарады деп ойлаймын. Өйткені, бұл жәй жаба салатын нәрсе емес. Қаншама адам петицияға қол қойып жатыр. Егер петиция жұмыс істемесе халық басқа амалын іздейді ғой. Біз осы үшін «Қоғамдық бақылау» туралы заңға петиция туралы енгіздік. Ең бірінші мақсатымыз сол еді. Елде тыныштық сақтау. Президенттің өзі «еститін үкімет» туралы айтты. Сол тұрғыда ең қолайлысы – петиция. Оған мән беру керек және біз ол заңның жұмыс істейтінін, осындай механизм бар екенін көрсетуіміз керек. Сонда халық көшеге де шықпайды», – дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін мәжілісмен Абзал Құспан депутаттардың басым көпшілігі утилалымға қарсы екенін айтқан болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
22.11.2024ж. 17:35

Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді

Компанияның банк алдындағы 12 млрд теңге қарызы өтелмеген.  
Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →