×

Ұсыныс Шымкенттен ғана емес, басқа жақтан келіп жатыр – Мақсат Толықбай

Мәжілісмен өзіне келіп түскен ұсыныстар жайлы айтып берді

Ұсыныс Шымкенттен ғана емес, басқа жақтан келіп жатыр – Мақсат Толықбай
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай “Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болады екен” деген сыбыс БАҚ-қа кең тарап, желіде қызу талқыланып жатыр. Парламентте отырғанына жыл толғаннан кейін жылы орнын неге суытқысы келетінін Qaz365.kz тілшісі депутаттың өзінен сұрады.

— Сізді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болғалы жатыр деп естідік.

— Сыбыс қой жай айтылып жатқан.

— Жайдан-жай сыбыс шықпайды ғой. 

— Иә, бір сыбыстар болған. Соны таратып жіберген ғой. 

— Сіз ұсынысты қабылдадыңыз ба?

— Әзірге мына жақтан бізді жіберейін деп жатқан ешкім жоқ.

— Мәжіліс бізге мұқтаж дейсіз ғой?

— Бұл жаққа да керек болып жатырмыз ғой.

— Негізі қандай орын ұсынды?

— Идеология, әлеуметтік – екі бағыт қой сол. Басқа да өңірлерден ұсыныстар келген. 

— Туған жеріңіз — Шығыс Қазақстан ғой. Ол жақтар ұсыныс келмеді ме?

— Ол жақтан нақты болған жоқ. Басқа жақтан да нақты хабарласып жатыр.

— Қарасай ауданынан түскен жоқ па?

— Ол жақтан түскен жоқ.

Мақсат Толықбай былтыр көктемде Парламент депутаты болып келген. Оның алдында көп жыл журналист болып жұмыс істеген.

Желідегі сын

Мақсат Толықбай жайлы бұл сыбысқа түрлі пікір білдіріп жатқандар бар. Алғашқы болып белгілі шымкенттік заңгер Айгүл Орынбек пікір жазды.

— Бізде бір емес қәзір екі идеолог отыр. Асылов Қуаныш пен Сәрсен Құранбек екеуіде өз салаларының маманы. Мақсат өзіңді жеке танимын, сыйлаймын, бірақ Шымкент жәй келіп отырып кететін жер емес! Дәл қәзір Шымкентке идеолог емес, көлік, жолдарды реттейтін, коммуналдық шаруашылыққа ие болатын, құрылыс, жер мәселелерін қолға алатын  адам керек! — дейді ол.

Заңгер келетін адам осы жергілікті  жердің  қыр сырын жақсы біліп, тозығы шыққан қаланы халықпен ашық жұмыс істей отырып реттеу керек деп есептейді. Идеолог емес, шаруа адамы керектігін алға тартады.

— Ғабит Сыздықбеков! Әдемі сөйлеген беті жылтырағандарды әкеле бермей, қолынан іс келетін адамдарды тарту керек! 
Америка көрген Шыңғыс  Мұқанды да көрдік. Кітап аударғаннан  басқа ешнәрсе бітірген жоқ. Мақсат Толықбай сен әрине ренжіме, Шымкент қаласы Әйтеновтен кейін әлі ес жия алмай жатыр, - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
22.11.2024ж. 17:35

Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді

Компанияның банк алдындағы 12 млрд теңге қарызы өтелмеген.  
Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →