×

«Қонаев қаласында қытайларға жер берілген»: Әкімдік түсінік берді

Кәсіпкерлер биылғы шомылу маусымы біткенше жұмыс істемек

«Қонаев қаласында қытайларға жер берілген»: Әкімдік түсінік берді

Әлеуметтік желіде Қонаев қаласында жалпы аумағы 7.12 гектар болатын жер қытайлықтарға берілді деген ақпарат тарады. Әкімдік осы жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Тарқатып айтсақ, «Жібек жолы» ЖШС №8 жағажайды абаттандыру жобасын қолға алып, инвестиция құймақ ниетте. Бұл жердің көлемі 7.9 гектар. Дәл сол жағажайдың қасындағы 7.12 аумақты алып жатқан учаске, яғни, №7 жағажайдың бір бөлігі инвест жобаның құрамына кіріп отыр. Жалпы аумағы 15 гектар жағалау аттракциондар паркіне айналмақ», – дейді қала әкімі Асхат Бердіханов.

Қазір №7 қалалық жағажайда 40-тан астам кәсіпкер қызмет етеді. Олар дәмхана, тапшан, шатырларды мемлекеттен жалға алып отыр. Мұндағы 2 бизнес орын аталған инвестжобаның құрамына енген.

«Кәсіпкерлер биылғы шомылу маусымы біткенше жұмыс істейтін болады. Қазіргі таңда қос тарапқа оңтайлы шешім шығару бағытындағы жұмыс жүріп жатыр. Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов кәсіпкерлермен кездесіп, мән-жайды түсіндірді», – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Оның айтуынша, қаланың бекітілген бас жоспарына сәйкес, шаһардағы 9 жағажайды да абаттандыру көзделіп отыр. Биыл заманауи стильде жасалған №5 жағажай қолданысқа берілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Бүгін, 13:23

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →