×

Мәжілісте әйелдерге харрасмент жасады деген депутат Перуашевқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Азат Перуашевтың мәлімдемесін жоққа шығарды

Мәжілісте әйелдерге харрасмент жасады деген депутат Перуашевқа қатысты мәлімдеме жасады
Фото: parlam.kz

Әріптес әйелге ұятсыз ұсыныс жасаған деп жұмыстан қуылған Асқар Садықов желіде қазақстандықтарға үндеу жасап, ақталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұрынғы депутат 6 баланың әкесі екенін айта келе, Азат Перуашевтың мәлімдемесін жоққа шығарды.

«Азат Перуашев өз халқын бірнеше рет адастырды. Шамасы, бұл – оның жұмыс стилі. Мен сізге жеке жүгінемін, Азат Перуашев. Егер мені партиядан шығарғыңыз келсе басқа дәлелдер келтірсеңіз болар еді, бірақ сізде ол да жоқ. Менен әлі күнге дейін түсініктеме алынған жоқ. Екіншіден, партия басшылығы бұл жайт туралы маған ескертпеді. Үшіншіден, бұл мәселе Мәжілістің тәртіптік кеңесінде талқыланған жоқ. Сіздің мәлімдемеңізді оқып таңғалып отырмын. Бірақ сіздің бұған дейінгі жалған мәлімдемелеріңіз БАҚ-тың есіне түседі деп ойлаймын. Азат Перуашев осы ақпарат арқылы өзінің орынбасары, Ұлттық ұлан генералы жемқор деген ақпаратты жасырып қалғысы келген болар. Менің ойымша, Азат Перуашев, сіз мақсатыңызға жеттіңіз», – дейді Садықов.

Айта кетейік, өткен аптада Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демпартиясының ұсынымы бойынша Мәжіліс депутаты Асқар Садықовты депутаттық мандатынан айырған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Кеше, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →