×

«Елден кетіңіздер»: Украинадағы қазақтарға шұғыл ескерту

Қазір ол елде жағдай шиеленіскен

«Елден кетіңіздер»: Украинадағы қазақтарға шұғыл ескерту
Фото: freepik.com

Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі осы мемлекетте жүрген қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасап, елден кету мүмкіндігін қарастыру жағын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жерүсті бағыттарын пайдалана алады: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі – коммерциялық әуе қатынасы арқылы. Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді елемеуге және дереу паналауға, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады.

Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38 (044) 4831596, +38(044) 4891031.

Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі(төтенше жағдайда): +380673470408.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
Кеше, 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →