×

«Шулатып рилс түсіруіме де болар еді»: Аймағамбетов екі министрді неге сынамайтынын түсіндірді

Экс-министр заң арқылы түпкілікті бірнеше проблемалар шешілгенін атап өтті

«Шулатып рилс түсіруіме де болар еді»: Аймағамбетов екі министрді неге сынамайтынын түсіндірді
Фото: gov.kz

Депутат Асхат Аймағамбетов Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты неліктен сынамайтынын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жөнінде экс-министр әрі депутат Асхат Аймағамбетов «Уәде» бағдарламасында берген сұхбатында айтты.

«Қазіргі министрді неге дәл Әлназарованы сынағандай сынамадыңыз. Бірінші жылы сіз білім саласы туралы мүлдем мәселе көтермегенсіз. Сізге халық дауыс берді ғой. Бірақ сіз үн қатпадыңыз. Тек қана медицинаны айттыңыз. Неге?» – деп сұрады журналист Ерболат Мұхаметжан министрден.

Аймағамбетов жағдайына байланысты мәселеге эмоциясыз қарауға болмайтынын, бұл жерде әріптессің бе, әріптес емессің бе ондай мәселелер күн тәртібінде жоқтығын айтады.

«Иә, шын. Мен Ғылым министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігіне ашық депутаттық сауал да жолдаған жоқпын. Проблемаларды көрсеткен де жоқпын. Ешқандай сұрақтарды қоймадым. Ол рас. Біріншіден, бұл этика тұрғысынан өзім істеген жерде сол мәселелерді көтеріп, оларға бір кемшіліктерді көрсету – менің ойымша, өзім үкіметте істегеннен кейін қазіргі уақытта білгішсініп оның бәрін көрсеткен бір жағынан этикаға сай емес. Бірақ дұрыс айтып отырсыз. Мені халық сайлады. Сондықтан мен проблема ретінде көздеріне шұқып көрсетудің орнына ол мәселелерді басқаша шешіп жатырмын. Мысалы, ғылым туралы екі заңға өзіміз бастамашылық еттік. Кемшіліктерді көрсетуге, айтуға болады. Ол мәселелерді шулатып, рилс түсіруге болады. Оны инстаграмға жариялаймын. Бәрі қол шапалақтайды, бәрі лайк қояды дегендей ғой. Бірақ ол маған керек емес», - дейді Аймағамбетов.

Экс-министр заң арқылы түпкілікті бірнеше проблемалар шешілгенін атап өтеді. 

«Енді білім саласы, оқу-ағарту саласына келсек, онда да бірнеше заңды қабылдадық. Қазір тіпті үшінші заң мәжілісте жатыр. Біз айғай-шусыз әріптестерімізді шақырып, бірге жұмыс істеп жатырмыз. Мәселе сенің имиджіңде емес, мәселе тиімділікте. Мәселе сенің біреуге жақсы болып көрінгеніңде емес, ертең сен не істедің, қандай мәселені шештің, қандай жұмыс атқардың дегенде бірінші кезекте өзіңе ашық жауап беруге мүмкіндігің болу керек, екіншіден сені сайлаған халыққа ашықтық керек. сондықтан менің жауап беруге барлық мүмкіндіктерім бар. сондықтан хайпсыз байыппен осы проблемаларды шешумен айналысудамыз», - дейді Аймағамбетов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сириядағы жағдай Ресейдің күші шектеулі екенін көрсетіп отыр – саясаттанушы
Бүгін, 10:08

Сириядағы жағдай Ресейдің күші шектеулі екенін көрсетіп отыр – саясаттанушы

11-12 қарашадағы Астана келіссөзінен кейін сириялық тараптар арасында сенімсіздік күшейген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →