×

Бір депутат Ресейдің соғысын қолдады, екіншісі сенімді ақтамады – Перуашев

Бұл жағдай депутат үшін жағымсыз оқиғаның бірі

Бір депутат Ресейдің соғысын қолдады, екіншісі сенімді ақтамады – Перуашев
Фото: akzhol.kz

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев қоғамда резонанс тудырған, Парламентте жұмыс істейтін әйелге  хаттар жазған экс-депутат Асқар Садықов туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл жағдай мен үшін жағымсыз оқиғаның бірі. Естеріңізге сала кетейін, Асқар Садықовты партиядан 1 шілдеден бастап шығарған болатынбыз. Біз 2 ай бұл мәселені көтермедік. Пленарлық отырысқа келген күнімізде сіздердің әріптестеріңіз Жания Уранхаева мұның харасментке жататынын сұраған болатын. Ол кезде бұл ақпарат тарап кеткен еді. Қазір ол барлығын жоққа шығарып жатыр. Мені диктатор ретінде көрсетіп жатыр. Бірінші күні менен бұл мәселе туралы сұрағанда «ішкі тәртіпті бұзғаны үшін» деп мәлімдедік. Бұл тәртіптер жұмысқа да тікелей қатысты. Егер ол мен депутат ретінде не айтқым келсе, соны айтамын деп ойласа, онда қатты қателеседі. Сондықтан біз оны депутаттық мандатынан айырдық. Хаттарды алған әріптесіміз оны сотқа толығымен тарта алады», – дейді Азат Перуашев.

Ол Садықовты досым деп айта алмаймын, бірақ 10 жылдан бері таныспыз деп отыр. 

«Ақтөбеде партияның филиалында жұмыс істеді. Біз өзін жақсы қырынан көрсеткен әріптесімізге мүмкіндік беріп, Парламентке дейін алып келдік. Бірақ ол Партияның сенімін ақтамады. Бұл бірінші рет отырған оқиға емес, естеріңізде болса, екі жыл бұрын соғысты қолдаған депутатты партиядан шығардық. Сот, құқық қорғау органдарын күтпей, заңсыздықты көрген сәтте өзіміз қолға алдық, яғни партия өз-өзін «тазалай алатын» тірі ұйым екенін көрсетті», – дейді партия төрағасы.

Бұған дейін былтыр соғысты қолдаған депутат Азамат Әбілдаев та мандатынан айырылған.

«Садықовқа Парламентте жұмыс істеуге мүмкіндік бердік. Бірақ сеніміміз ақталмады. Бірақ бұл бірінші жағдай емес. Естеріңізде болса, бұған дейін соғысты қолдаған әріптесімізді де партиядан шығардық. Меніңше, өз-өзін тазалайтын партия тірі «ағза», ұйым екенін көрсетіп отыр. Құқық қорғау органдарының ұстағанын күтпей, өзіміз әділетсіздікті көргеннен кейін бірден осындай шешім қабылдадық. Ол үшін партиядағы әріптестеріме алғысымды білдіргім келеді», – деді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →