×

«Әскери қызметшілерге жеңілдіктерді қайтару қажет»: депутат Лукин әскерилердің мәртебесін көтеруді ұсынды

Бұрын әскери қызметкерлерге берілген әлеуметтік жеңілдіктердің көбі жойылған

«Әскери қызметшілерге жеңілдіктерді қайтару қажет»: депутат Лукин әскерилердің мәртебесін көтеруді ұсынды
Фото: ortcom.kz

Сенат отырысында сенатор Андрей Лукин премьер-министр Олжас Бектеновке әскери қызметшілерге әлеуметтік жеңілдіктерді қайтару және олардың мәртебесін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Андрей Лукиннің сөзінше, бұрын әскери қызметкерлерге берілген әлеуметтік жеңілдіктердің көбі жойылғаны анықталған. Бұл әсіресе, дене күші мен ар-намысқа тікелей қатысы бар қызмет болғандықтан ерекше маңызды болып отыр.

«Бүгінде қауіп-қатерді, сондай-ақ әлемде болып жатқан әлеуметтік-саяси процестерді ескере отырып, Үкімет әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыруды жақсарту жөнінде кезең-кезеңімен шаралар қабылдау мәселесін пысықтауы қажет. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің теміржол көлігімен жылына бір рет демалысқа бару және кері қайтуда тегін жол жүру, қоғамдық көлікпен, қалалық, қала маңындағы және жергілікті қатынаспен жол жүруде, даладағы жаттығу төлемдерін беру, коммуналдық қызметтерді 50%-ға өтеу сияқты әскери қызметшілердің әлеуметтік жеңілдіктеріне басымдық беру керек», - деді Андрей Лукин.

Сенатор Лукин мұндай жеңілдіктерді қабылдау әскери қызметтің беделін арттырады және Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құрылымдардың имиджін көтереді деп есептейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әміржан Қосановпен арамыз алшақтап кеткен – Ермұрат Бапи
Кеше, 10:13

Әміржан Қосановпен арамыз алшақтап кеткен – Ермұрат Бапи

Депутат отбасы мүшелерінің араласып тұратынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →