×

Мың емес, миллиондар – Қазақстанда қанша адам үйге мұқтаж

Депуат елімізде төрт жарым миллион адам үйге мұқтаж екенін айтты

Мың емес, миллиондар – Қазақстанда қанша адам үйге мұқтаж
Фото: parlam.kz

Осы мәселені көтерген Парламент депутаты Нұргүл Тау Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа сауал жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депуат елімізде төрт жарым миллион адам үйге мұқтаж екенін айтты. Оның 1,3 миллионы жастар. Бұл – елдегі мыңдаған салымшылардың тартып отырған азабы.

«Осылайша, 2023 жылы Қазақстандағы үлестік құрылыстың көлеңкелі нарығының үлесі шамамен 70% құрады. Күні кеше Алматы облысындағы екі жылдан бері үйлеріне кіре алмай отырған 200 отбасының дау-дамай орын алды. Аталған мәселенің шешімін табу үшін құрылыс саласына «эскроу-шоттар» ұғымын енгізу ұсынылады. Атап айтқанда, «эскроу-шоттар» ұғымы еліміздің заңнамасына жат ұғым емес. Алайда, бұл тетік тек төлем жүйелері мен төлемдер заңнамасы аясында ғана қолданылып келеді», - дейді депутат.

Нұргүл Тау құрылыс компаниясы объектіні пайдалануға бергенге дейін салымшылардың қаражаттары арнайы «эскроу-шоттарда» сақталатынын айтады. Құрылыс компаниясы шартты бұзған жағдайда, салымшы ақшаны шешіп ала алады.

«Тағы бір мәселе, бүгінгі таңда бір азаматтың мойынында бірнеше несиелері бар отандастарымыз аз емес. Бұл мәселе Мәжіліс қабырғасында да көтерілді. Осылайша, көптеген отандастарымыз алғашында үй үшін несие алса, содан кейін сол үйге жөндеу жұмыстарына несие алады. Бұл мәселені шешу үшін тұрғын үйлердегі пәтерлерді толықтай жөндеу жұмыстарынан кейін пайдалануға беру ұсынылады. Бұл тәжірибе Австрия, Германия және Франция елдерінде тиімді қолданылуда. Бұл ретте, әр пәтердің жөнделу бағасы салымшымен алдын ала шартта белгіленетін болса, мүлік бағасының шарықтауын алдын алуға болады деп есептейміз», - дейді ол.

Депутат қазіргі кезде елімізде 2 миллионнан астам азаматымыз тұрғын үйлерін жалдап тұратынын еске салды. Олардың біраз бөлігі студенттер. Ал, пәтерді жалдау бағасы күннен күнге шарықтауда. Осылайша, пәтерлерді жалға беру және алу нарығын реттеудің күні келді деп санаймын. Осыған орай, пәтерлерді жалға беру бағасының шектік арасын айқындау қажет. Бұл жерде жалға берілетін пәтерлердің жағдайына сәйкес оларды хабарландыру сайттарында жұлдыз санын қою қажет деп есептейді.

«Кейбір құрылыс компаниялары Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңды айналып өту үшін тұрғын үй сатып алудың алдын ала шарттарын жасасатыны жаңалық емес. Осылайша, Қазақстанда аталған шартты жасасқан 6800-ге жуық үлескер зардап шегіп отыр. Осыған орай, тұрғын үй сатып алудың алдын ала шарттарын жасасуға тыйым салу қажет», - дейді Тау.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлытаудан кеткен экс-әкім Берік Әбдіғалиұлы жаңа қызметке тағайындалды
Кеше, 19:24

Ұлытаудан кеткен экс-әкім Берік Әбдіғалиұлы жаңа қызметке тағайындалды

Жаңа басшыны ұжымға Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы Айзада Құрманова таныстырды
Бұған дейін депутат ауылдарда «Қазпошта» бөлімшелері жабылып жатқанын айтып, Үкіметке жүгінген
Астанада бой көтерген Мақтымқұлының ескерткішін екі ел арасындағы мызғымас достық пен тату көршіліктің символы деп бағалалаймын
Бұл тыйым ЕАЭО елдеріне де қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →