×

Белгілі саясаткер Төлен Тоқтасынов дүниеден өтті

Қаралы хабарды саясаткердің қасында жүрген кәсіпкер жеткізді

Белгілі саясаткер Төлен Тоқтасынов дүниеден өтті
Фото: ашық дереккөзден

Белгілі қоғам қайраткері, Мәжілістің бұрынғы депутаты Төлен Тоқтасынов дүниеден өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаралы хабарды саясаткердің қасында жүрген кәсіпкер Ахметбек Нұрсила жазды.

«Кеше түнде жан досым Төлен Мұхамедиұлы Тоқтасын, ауыр дертпен жарты жыл арпалысып жеңе алмай, ақыры мәңгілік мекеніне аттанып кетті. Бақұл бол Төке, сені жақсы танитын жақындарыңның, халқыңның жадысында арын жоғары ұстаған, жасампаз АЗАМАТ ретінде есінде мәңгілік қаласың! Сүйегін туған қаласы Семейге апарып, анасының қасына қоямыз деп шештік...», - делінген жазбада.

Төлен Тоқтасынов көзі тірісінде  «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының құрылтайшыларының бірі болды. Сондай-ақ Мәжіліс депутаттығына сайланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Бүгін, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →