×

Халықтың ақшасын бір компанияға ұстатып отыр – депутат Астананың ақылы тұрақтары туралы айтты

Көшедегі «Сергек» камераларының мәселесі көтерілді

Халықтың ақшасын бір компанияға ұстатып отыр – депутат Астананың ақылы тұрақтары туралы айтты
Фото: Бауыржан Жуасбаев

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Астанадағы ақылы тұрақтар мен “Сергек” камераларынан түсетін ақшаға сұрау салды. Депутаттың сөзінше, қалада автобус жолақтарының кейбірі халыққа айыппұл салу үшін жасалғандай әсер қалдырады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ең басты мәселе – біздің Астана қаласындағы жаппай қойылған ақылы тұрақтарға қатысты. Расымен де ақылы тұрақтардан түсетін ақшаның 70 пайызын жеке меншік компанияларға беретіндеріңіз халықтың жағасын ұстататын жағдай деп білем. Былай қарағанда, жалғыз компанияға халықтың ақшасын ұстатып беру – монополияны қолдан жасаудың әрекеті. Бұл бір»,  –   дейді ол.

Нартай Аралбайұлының айтуынша, екінші мәселе –  паркингке қатысты. Депутат парктерде, басқа жерлерде қойғаны аздай кеңселердің маңайының барлығында осындай ақылы тұрақтар тұратынын мәлімдеді.

«Бірақ кеңселердің өзіне тиісті тұрағы болмағанның салдарынан қызметкерлер күн сайын сол жерге көлігін қоюға мәжбүр. Күніне 8 сағат қойғанда 800 теңге. Оны 24-25 күнге көбейтсеңіз, 30 мың теңгеге жуық ақшасы тұраққа кетеді деген сөз. Сіздердің сөздеріңізге қарасақ, халық қоғамдық көлікке отыру керек дейсіздер, халықты зорлап отырғызғыларыңыз келеді. Халық олай ешқашан отырмайды. Мүмкін емес жағдай. Жеке меншік компанияларға беріп, қолдан жасаған монополияларыңызды қайтадан түзетуді талап етеміз»,  –  дейді депутат.

Екінші көшедегі “Сергек” камераларының мәселесі көтерілді. Нақтырақ айтқанда, айыппұлдарына қатысты.

«100 пайыз бюджетке түседі дейді. Меніңше, олай емес. «Сергек» те жеке меншік компания. Мысалы, қалаға кіріп-шығатын күре жол – Қабанбай батыр көшесі жалғыз күре жол.  Сол жерге автобус жолағын салып тастадыңыздар. Ол жердегі кептелісті көрсеңіздер. Сұмдық. Халық амалдың жоқтығынан жолдың автобус жолағына шығады. Соның салдарынан айыппұлға түседі. қолдан айыппұл жасаудың әрекеті бұл да. Осы мәселені айттыңыз. Жеке меншік компанияны айттыңыз. Сергектің ақшасы қаншасы бюджетке келеді, қаншасы оған түседі, қаншасы жеке меншік компания құрамында қалады? Бұл маңызды мәселе»,  – деді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →