×

Қазақ-Үнді әскерилері Гималай тау бөктерінде жаттығулар өткізіп жатыр

Бірлескен әскери жаттығуда ер адамдармен бірге әскери қызметші қыздар да бар

Қазақ-Үнді әскерилері Гималай тау бөктерінде жаттығулар өткізіп жатыр
gov.kz

Үндістанның солтүстіктегі Уттаракханд штатының «Сурья» полигонында қазақстандықтар мен үндістандықтардың «ҚазҮнді»-2024» бірлескен оқу-жаттығулары өтіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz

Жоспар бойынша қатысушылар тау дайындығына кірісті. Қазақстандық әскери қызметшілерге бұл элементтер жақсы таныс. Мұндай жаттығуды олар Жамбыл облысы Жуалы және Меркі аудандарының тау шатқалдарында бірнеше рет пысықтаған. Дегенмен, олар Гималай тау бөктерінде алғаш рет жаттығып жатыр. 

«ҚазҮнді-2024» оқу-жаттығуы өткізілетін тау лагері теңіз деңгейінен 2700 метр биіктікте орналасқан. Жер бедері көптеген тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді: жартасқа тік көтерілу және фалмен төмен түсу, тау бөгеттері мен жартастардан өту және жаралыларды эвакуациялау.

“Біздің әскери қызметшілер мұндай жаттығулардан өтіп жүр. Алайда, бейтаныс таулы жер ортаға бейімделуді және кезең-кезеңімен зерделеуді қажет етеді. Бұдан бөлек қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді, – деді Қазақстан контингентінің офицері капитан Сәкен Мусин. 

Ер адамдармен бірге әскери қызметші қыздар да жартасқа өрмелеу тапсырмаларын орындайды. Бұл терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі практикалық сабақтар болмақ. 

Естеріңізге сала кетсек, «ҚазҮнді-2024» оқу-жаттығуы Үндістанда 30 қыркүйекте басталып, 13 қазанға дейін жалғасады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
Кеше, 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →