×

Режиссерлердің 1.5 млрд долларға түсірген мағыналы кинолары қайда? – Нұрлан Қоянбаев

Қазақтың жартысына ақша бөлейік десек, ақша жоқ дейді

Режиссерлердің 1.5 млрд долларға түсірген мағыналы кинолары қайда? – Нұрлан Қоянбаев
Фото ғаламтордан алынды

Танымал продюсер Нұрлан Қоянбаев бюджеттен жылына қаражат алатын спорт федерацияларына шүйлікті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«30 жыл бойы халықтың ақшасына кино түсіріп, 1.5 млрд долларды жеп, онша емес кино шығарған режиссерлердің өздерінше мағынасы бар драма, кинолары қайда? «Барыс» клубының жыл сайын қаншама миллиард бюджеті бар. Винокуров жыл сайын 12 млн доллар алып кетеді. «Астана» баскетбол клубы бар. Солардың бәрі жылына бюджеттен қаншама ақша әкетеді. Ал көкпардың, қазаққа ұнайтын айтыстың бюджеті қайда? Винокуров Еуропадан біреу әкеліп, ол жылына 12 млн долларға велсебет тебеді де, ал қазақтың жартысына ақша бөлейік десек, ақша жоқ дейді»,  – дейді кинопродюсер.

Нұрлан Қоянбаев – қазақстандық продюсер, тележүргізуші және актер. «Қазақтар» КВН командасының және «Astana.kz» капитаны, «Respublica» саяси партиясы тең төрағаларының бірі. Qazaqstan телеарнасындағы «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» телешоуының жүргізушісі. «Қазақша бизнес Америкада», «Таиландтағы демалыс», «Қазақша бизнес Африкада», «Қазақша бизнес Кореяда» фильмдерінің және «Үзілмес Үміт» телесериалының бас продюсері және жетекші актері, «Kazteleproduct» кинокомпаниясының негізін қалаушы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
Кеше, 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →