×

Жанар-жағармайды елден шығаруға тыйым салынады

Бұл тыйым ЕАЭО елдеріне де қатысты

Жанар-жағармайды елден шығаруға тыйым салынады
Сурет: rg.ru сайтынан

Ішкі нарықта жанар-жағармай тапшылығын болдырмау мақсатында Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін темір жол көлігімен экспорттауға тыйым салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мұнай өнімдерін автомобиль және теміржол арқылы елден әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу көзделген.

Қазір ЖЖМ тұтынудың әдеттен тыс ұлғаюы және ішкі нарықта қалған өнімнің азаюы байқалады. Атап айтқанда, Қазақстанның оңтүстік шекаралас аймақтарында айтарлықтай өсім байқалады. Бұл жағдай Қазақстан Республикасында және шекаралас елдердегі мұнай өнімдері бағасы арасындағы айырмашылығымен байланысты, осының салдарынан өнім шекаралас елдерге әкетіліп жатыр, – делінген министрлік хабарламасында.

Бұл тыйым ЕАЭО елдеріне де қатысты болып отыр.

Мұндай шешімге келуге жанар-жағармайды тұтынудың шамадан тыс ұлғаюы және ішкі нарықта қалған өнімнің азаюы себеп болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Қазақстан тауарларына баж салығын енгізуге қатысты Трампқа жауап берді
Бүгін, 11:00

Тоқаев Қазақстан тауарларына баж салығын енгізуге қатысты Трампқа жауап берді

Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →