×

«Қазпоштаға субсидия бөліп, бөлімшелерін әкімдікке орналастыру керек»: Скляр Сайыровқа жауап берді

Бұған дейін депутат ауылдарда «Қазпошта» бөлімшелері жабылып жатқанын айтып, Үкіметке жүгінген

«Қазпоштаға субсидия бөліп, бөлімшелерін әкімдікке орналастыру керек»: Скляр Сайыровқа жауап берді
Фото: kazpost.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Қазпошта» мекемесінің бөлімшелерін өңірлерде қолдауға қатысты депутат Ерлан Сайыровтың бастамасына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров ауылдарда «Қазпошта» бөлімшелері жабылып жатқанын айтып, Үкіметке жүгінген. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға бағыттаған сауалында көптеген шекаралас ауылдық елді мекендерде әлі күнге дейін ұялы байланыс, интернет және пошта желілерінің жоқтығын айтқан. Депутаттың пікірінше «Қазпоштаға» қолданыстағы тарифтерді ұлғайту арқылы мерзімді баспа басылымдарын жеткізуді субсидиялауды ұлғайтуды көздеп, ауылдық жерді дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде «Қазпоштаға» әкімдіктердің ақшалай қаражатын орналастыру мүмкіндігін қарастыруы керек. Ал аудандық және ауылдық әкімдіктердің мемлекеттік ғимараттарын салу кезінде қолдау шарасы ретінде пошта бөлімшелерін өтеусіз негізде орналастыруды көздеуі керек.

Роман Скляр депутатқа жауап берді. Ол «Қазпошта» АҚ қолданыстағы тарифтерін ұлғайту жолымен мерзімді баспа басылымдарын жеткізуді субсидиялауға қатысты былай дейді.

«Байланыс туралы заңның 34-бабына сәйкес мерзімді баспасөз басылымдарын ауылдық елді мекендерге жеткізу жөніндегі қызметтер субсидияланатындарға жатады. Бұл ретте субсидиялар мөлшері конкурс шарттары бойынша шығыстар мен нақты кірістер арасындағы айырма ретінде айқындалады. Бүгінгі таңда көрсетілген қызметтердің құнын 17,6 теңгеден 80 теңгеге дейін арттыру мәселесі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жаңындағы сараптамалық және қоғамдық кеңестердің қарауында. Алдын ала қарау қорытындылары ағымдағы жылдың соңына дейін күтілуде», - дейді Скляр.

Вице-премьер «Қазпошта» АҚ арқылы ауылдық аумақтарды дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде бөлінген бюджет қаражатын тарату жөнінде ұсынысқа жауап берген. Қолданыстағы бюджет заңнамаға сәйкес ауылдық аумақтарды дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арқылы жүзеге асырылатынын еске салған.

«Бұл ретте орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға кассалық қызмет көрсету тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қазынашылық органдарында жүзеге асырылады. Осыған байланысты, ұсынылған тәсілді іске асыру бюджет заңнамасының нормаларына сәйкес келмейді», - дейді ол.

Роман Скляр сонымен қатар «Қазпошта» акционерлік қоғам болғандықтан, пошта бөлімшелерін аудандық және ауылдық әкімдіктердің ғимараттарында өтеусіз негізде орналастыру мүмкін еместігін алға тартқан. 

«Ауылдық елді мекендерге зейнетақыны жеткізу тарифі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен бекітілген және «Қазпошта» АҚ қызметтері үшін 319 теңгені құрайды. Осы тарифті қайта қарау қажеттілігіне қарай, «Қазпошта» АҚ-ның негізделген шығындарын ескере отырып жүзеге асырылады және қазіргі уақытта «Қазпошта» АҚ тарапынан тиісті өтінімдер түскен жоқ. Жалпы «Қазпошта» АҚ-ның қызметі жүктелген міндеттемелердің орындалуын ескере отырып Үкіметтің бақылауында», - делінген жауапта.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сириядағы жағдай Ресейдің күші шектеулі екенін көрсетіп отыр – саясаттанушы
Бүгін, 10:08

Сириядағы жағдай Ресейдің күші шектеулі екенін көрсетіп отыр – саясаттанушы

11-12 қарашадағы Астана келіссөзінен кейін сириялық тараптар арасында сенімсіздік күшейген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →