×

Ұлытаудан кеткен экс-әкім Берік Әбдіғалиұлы жаңа қызметке тағайындалды

Жаңа басшыны ұжымға Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы Айзада Құрманова таныстырды

Ұлытаудан кеткен экс-әкім Берік Әбдіғалиұлы жаңа қызметке тағайындалды
Фото: ҚР Ұлттық музейі

Ұлытау облысының экс-әкімі Берік Әбдіғалиұлы Ұлттық музей директорының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңа басшыны ұжымға Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы Айзада Құрманова таныстырды.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы туған. 
Білімі жоғары: 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Тарих және қоғамтану оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында қызмет етті.
- 2010-2013 жылдары Ұлытау ауданы әкімі, Жезқазған қаласының әкімі, Арқалық қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
- 2016 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің ҚР Қарулы күштері Әскери-тарихи музейінің бас ғылыми қызметкері;
- 2017-2019 жылдары ҚР Ұлттық музейінің «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі;
- 2019-2021 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі.
- 2021-2022 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
- 2022-2024 жылдары Ұлытау облысының әкімі лауазымын атқарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Бүгін, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →