×

Қазақстанда жедел жәрдем көліктерінің жартысынан көбі тозып кеткен

Ол республика бойынша жедел-жәрдем қызметі бойынша жағдай қиын екенін айтты

Қазақстанда жедел жәрдем көліктерінің жартысынан көбі тозып кеткен
Фото: liter.kz

Жедел-жәрдем қызметінің проблемалары жайлы комитет отырысында депутат Асхат Аймағамбетов санитарлық көліктердің жартысынан көбі тозып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жедел жәрдем станцияларын көліктермен қамтамасыз ету туралы комитеттің тақырыптық отырысында  жедел-жәрдем қызметінің проблемалары талқыланды.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов облыс бойынша неше көлік жетіспейтінін, рейтингті жариялайтынын, халық бұл ақпаратты білу керектігін, кім қалай жұмыс істеп жатқанын көру керектігін атап өтті. Сондай-ақ ол республика бойынша жедел-жәрдем қызметі бойынша жағдай қиын екенін айтты.

«Қазіргі уақытта санитарлық көлікпен қамтамасыз ету – әкімдіктердің міндетінде. Оны барлығымыз білеміз. Ғимарат болсын, көлік болсын, инфрақұрылым болсын – оның барлығы заң бойынша әкімдіктердің жауапкершілігінде. Денсаулық сақтау министрлігіне келсек, олар тарифтер, жалақы, жалпы басқару, әдістеме бойынша жауапты. Бүгін жедел жәрдем бойынша жағдай өте қиын. Норматив бойынша 10 мың халыққа бір бригада болуы керек. Алайда қазір республика бойынша тек 73 пайызы бар. Жалпы республика бойынша 379 бригада жетіспейді деген ақпарат бар. Санитарлық көліктердің 58 пайызы тозған. Онда бізде жедел-жәрдем көлігі қалай жұмыс істеп жатыр деген сұрақ туады. Тарифке келетін болсақ, ол өте төмен. Жалақы да өте төмен. Машиналар ескі, жүрмейді. Бұл мәселелерді шешуіміз керек»  – дейді Аймағамбетов.   

Сондай ақ ол алған көліктердің де жағдайы қиын екенін айтты.

«Алған көліктерді қарап отырмыз. H350 деген дизель көліктерін алыпты. Солтүстік Қазақстан облысына барсақ, ондағы ауа райына байланысты түнде өшірмейді. Өшірсе оны кейін жылыта алмайды. Жалпы жағдай қиын. Бұдан басқа алған көліктердің де жағдайы қиын екен. Сондықтан сұрақтар өте көп. Бұл мәселелерді шешуіміз керек» - деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстан облысында әкімдер форумы өтті
Кеше, 17:14

Шығыс Қазақстан облысында әкімдер форумы өтті

Форумның екінші бөлігі семинар-тренингпен жалғасты
Депутат мемлекеттік бюджеттің тапшылығының себептерін айтты
Бұл мемлекеттік органдардың қызметіне де тиімді әсер етеді
Түркі мемлекеттері ұйымының туы алғаш рет 2012 жылы қабылданған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →