×

Бектеновке «бәрі керемет» деп жалған ақпарат берген шенеуніктер жазаланатын болды

Бұған дейін күн суыған кезде Қарағанды облысының Саран қаласында жылу жүйесінен ақау шыққан еді

Бектеновке «бәрі керемет» деп жалған ақпарат берген шенеуніктер жазаланатын болды
Фото: gov.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Саран қаласындағы жылу жүйесінің ақауына жол бергендер жазасыз қалмайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бірінші кезекте бұл Саран қаласының жеке жауапкершілігі және облыс әкімдігі тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы. Менің тапсырмам бойынша тексеріс жүріп жатыр. Жылу беретін нысанының дайындығы туралы жалған ақпарат берген адамдардың бәрі жауапкершілікке тартылады. Осы отырыстан соң Энергетика министрі Саран қаласына барып, бәрін өзі тексереді. Нәтижесі бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жібереміз. Егер қылмыстың құрамы бар болатын болса, кінәлі адамдардың бәрі қылмыстық жауапкершілікке тартылады», – деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, бұған дейін күн суыған кезде Қарағанды облысының Саран қаласында жылу жүйесінен ақау шыққан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы қаласының әкімі ауысады
Бүгін, 17:56

Алматы қаласының әкімі ауысады

Басқосу 24 мамыр күні өтеді.
Оған сүйек метастаздары бар 4-ші сатыдағы простата обыры диагнозы қойылған
Айта кетейік, 2022 жылы наурызда блогерлер Марғұлан Боранбай мен Данат Намазбай Facebook желісіндегі жазбалары үшін 5 жылға қамауға алынған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →