×

Ай сайын 1200 доллар сыйақы: Қызылордадағы "HRT" қаржы пирамидасы әшкере болды

 Жобаға қатысу үшін қатысушылардан криптовалюта аудару талап етілген

Ай сайын 1200 доллар сыйақы: Қызылордадағы "HRT" қаржы пирамидасы әшкере болды
Сурет: gov.kz

Қызылорда облысында «HRT» атауымен белгілі қаржы пирамиданың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

“Ұйымдастырушылар азаматтарға заңды инвестициялық жоба ретінде ұсынылған схеманы жарнамалап, оған электросамокаттарды сатып алу және оларды Еуропа елдерінде жалға беру арқылы пайда табуға болады деп сендірген. Жобаға қатысу үшін қатысушылардан арнайы «HRT» шотына криптовалюта аудару талап етілген. Негізгі шарт – кем дегенде екі жаңа салымшы тарту болатын. 200-ден астам азамат жобаға 50 мыңнан 35 мың АҚШ долларына дейінгі қаражаттарын салып, ай сайын 1 200 АҚШ долларына дейін сыйақы алып отырамыз деп үміттенген. Заңсыз алынған кірістің жалпы сомасы 28 млн теңгеден асты. Тергеу барысында күдіктілер салымшылардың ақшасына екі автокөлік – «BMW 530I Xdrive» және «Changan Alsvin» сатып алғаны анықталды. Аталған көліктерге сот санкциясымен тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты үйқамақ ретіндегі бұлтартпау шарасы қолданылды”, – делінген  ҚМА ақпаратында.

Сонымен қатар қазіргі уақытта «HRT» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін еліміздің жеті өңірінде – Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында құру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алаяқтар біреудің атынан рәсімдеген несие қандай жағдайда кешірілуі мүмкін
30.09.2025ж. 08:44

Алаяқтар біреудің атынан рәсімдеген несие қандай жағдайда кешірілуі мүмкін

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтардың атына заңсыз рәсімделген несие жағдайында не істеу керектігін түсіндірді
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин зейнетақы ақшасын пайдалану жөнінде пікірін білдірді
 115 адам қаржы пирамидасына 197 миллион теңгеден астам қаражат салып үлгерген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →