×

«Қажылықтан келе салып тойда мас күйінде ән айтты». Қыдырәлі өзі жауап берді

«Қажылықтан келе салып тойда мас күйінде ән айтты». Қыдырәлі өзі жауап берді
Фото: instagram/ karakat_a

Танымал продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов Шымкент қаласында өткен тойда ішіп алып ән айтты деген желіде видео тарады. Осыған қатысты әншінің өзі жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шымқалада болған осы тойды біреулер ән айтып тұрған видеомыздың бетіне баттитып: «тойда мас болғандары ұят болды», – деп Қарақатты да қосып жіберіпті. 5-6 камера басынан аяғына дейін түсірген, той иесі бар, той қонақтары бар, ұйымдастырушылар, бізге дастарқан жайып, қызмет көрсеткен даяшы қыздар бар. Куәгерлер жеткілікті, Құдайға шүкір! Сол қыздар-ақ дастарқанда арақ-шарап болмағанына куә!,- дейді әнші.

Ол өзіне қатысты жазылған айыптарға уайымдамайтынын ашық айтты.

Маған не айтсаңыздар да өздеріңіз білесіздер, бар жаманды маған айтыңыздар, өтініш! Қасиетті жерге барып келген сапарымызға көлеңке түсіріп, ол видеоны көрген адамға күмән салып жүрген пенденің мақсаты не болуы мүмкін, құрметті оқырман?! Күнә жинағаннан басқа не пайдасы бар? Осы уақытқа дейін, 25 жылда қол ұстасып, елдің көз алдындамыз, сансыз мадақтар болсын! 25 жылда бірде-бір тойда ешқашан осындай жала жабылған емес, жаман сөз ерген емес!Есі дұрыс адам Қасиетті Меккеден келе салып, арақ іше ме? Оның үстіне, қасиетті ораза келіп қалғанын жақсы білеміз. Өсек-аяң тасып, өтірік айтып, жала жабатындарды Алла кешірсін! Бір Аллаға тапсырдым!, – деді Қыдырәлі Болманов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Осымен нүктесін қоямын». Алмас Кішкенбаев шындықты айтты
Кеше, 22:00

«Осымен нүктесін қоямын». Алмас Кішкенбаев шындықты айтты

Бәрі аяқталған соң ақпаратты өзім берейін деп ойлаған едім
20 жастағы Абылаевқа «Иммиграция туралы» заңның 61-бабының 2-бөлігі негізінде Латвияға кіруге мерзімсіз тыйым салынған.
Әнші бүгін абықтыдан шықты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →