×

«Сарығаштың келіні: Динара Сәтжанның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды

«Сарығаштың келіні: Динара Сәтжанның кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды
Фото: instagram/dinarasatzhan

Еліміздегі танымал медиажұлдыздардың бірі Динара Сәтжан жақында тұрмысқа шығуға жасалған ұсынысты қабыл алғанын айтқан еді. Өткен демалыста тележүргізуші қайын жұртына барып келіндік міндетін атқарып келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол сенбі-жексенбіде Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданына барған. Ол бейнежазбадан абысындарымен қолына оқтау алып, бірге жайма жайып жатқанын көре аламыз. 

Абысындардан мастер-класс, - деп жазған Динара Сәтжан видеоға түсініктеме ретінде.

Айтпақшы, сол видеода бірнеше абысын белгілеген. Олардың барлығы Forbes тізіміне енген миллиардер Жұмабек Жанықұловтың жеңгелері мен келіндері. Тіпті, кейбірінінің тегі – Жанықұлов. Осыдан-ақ тележүргізушінің кімге тұрмысқа шыққанын желі қолданушылары біліп қойған.

«Сарыағаштың келіні болып дұрыс болған екен», «Абысын тату болса ас көп», «Сіргеліге келін», «Динаражан, бақытыңыз баянды болсын» - деген пікірлер бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада Дженнифер Лопестің концерті өтетін болды
08.04.2025ж. 11:08

Астанада Дженнифер Лопестің концерті өтетін болды

Концерттен бюджетке 400 млн теңге салық түседі деп жоспарланған
Видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр
Жұмабек Жанықұловтың алғашқы некесінен бес баласы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →