×

"Сене алмай, қайта сұрады": Ақордадан Димашты көрген Словения президенті қуанышын жасыра алмады

Жоғары мәртебелі мейман тосынсый күтіп тұрғанын білмеген

"Сене алмай, қайта сұрады": Ақордадан Димашты көрген Словения президенті қуанышын жасыра алмады
Фото: t.me/baltabayev

Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусарсалтанатты қабылдау рәсімінде Димаш Құдайбергеннің өнер көрсететінін естіп, қуанышын жасыра алмаған. Ол танымал әншінің фанаты болып шықты. Бұл туралы журналист Әділ Балтабаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналист Әділ Балтабаев Telegram-дағы арнасында Словения президенті мен Димаш Құдайбергеннің кездесуі туралы жазды.

Балтабаевтың айтуынша, шағын құрамда өткен келіссөзде Наташа Пирц-Мусар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа әнші Димаш Құдайбергеннің фанаты екенін айтқан.

Алайда жоғары мәртебелі мейман тосынсый күтіп тұрғанын білмеген.

"Шын мәнісінде салтанатты қабылдау рәсімінде оның кумирі өнер көрсететін еді. Бұны естіген Словения президенті қуанышын жасыра алмады, тіпті сене алмай, бірнеше рет сұрады.

Қабылдау кезінде Мусар Димаштың қолын алып, оның концертінде болғанын айтты. Димаш мұны естігенін айтып, ілтипат білдіргені үшін алғысын жеткізді", - деді журналист.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанға ресми сапармен Словения президенті Наташа Пирц-Мусар келді. Оны Ақордада салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Кейін шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Актриса Ғазиза Тілеубай Қуаныш Бейсекпен не себепті ажырасқанын айтты
Кеше, 22:35

Актриса Ғазиза Тілеубай Қуаныш Бейсекпен не себепті ажырасқанын айтты

Актриса бұл туралы Айнұр Ильясоваға берген сұхбатында мәлімдеді
Сондай-ақ продюсер өзі негізін қалаған «Қазақ аруы» байқауының кезекті маусымын актрисаға арнайтынын мәлімдеді
Әнші Қарағандыға жасаған сапарында өңірдегі азаматтардың, әсіресе, мәдениет бөлімінің қызметкерлерінің келмегенін ашық айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →