×

Дженнифер Лопестің концерті Алматыда да өтеді

Алғашқысы Астанада өтеді. 

Дженнифер Лопестің концерті Алматыда да өтеді
Hector Vivas / Getty Images

Америкалық поп-музыка жұлдызы Дженнифер Лопес осы жазда өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында Қазақстанның екі қаласында концерт өткізеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астанадағы алғашқы концерт жайлы жаңалық үлкен қызығушылық туғызғаннан кейін, енді әншінің Алматыда да өнер көрсететіні белгілі болды.

Astana Concert компаниясының продюсері Мәлік Хасенов бұл ақпаратты Динара Сәтжанмен сұхбат барысында растады. Бұл туралы Сәтжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті:

Эксклюзив жаңалық! 10 тамыз күні Алматыда Дженнифер Лопестің екінші концерті өтеді. Естеріңізге сала кетейік, бірінші концерт 1 тамыз күні Астанада өтеді, – деп жазды ол.

Астанадағы концертке билет сату кезінде адам санының көптігінен Ticketon сайты жүктемеге шыдамай, техникалық ақауларға ұшырады. Кейбір пайдаланушылар билеттердің қосарланып сатылғанын хабарлады.

Ticketon өкілдерінің айтуынша, бұл жағдай техникалық себептерге байланысты болған. Осы мәселені шешу мақсатында компания қосарланған тапсырыстар болуы мүмкін клиенттерге билеттердің санатын көтеру туралы шешім қабылдады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол жақсы адамдармен шай ішудің өзі керемет сезім сыйлайтынын алға тартты. 
Ресей құқық қорғау органдары әзілкешке 5000 рубль (шамамен 32 мың теңге) көлемінде айыппұл салған
Жұлдызды жұпты өнердегі әріптестері құттықтауды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →