×

«Қыздармен сөйлесіп жүр»: Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуі сынның астында қалды

Әнші қазір сахнаға шықпайды. 

«Қыздармен сөйлесіп жүр»: Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуі сынның астында қалды
instagram.com/gazret_kazhymukhanuly

KeshYou тобының экс-солисі әрі әнші Камшат Жолдыбаеваның жанкүйерлері оның күйеуі, актер Ғазрет Қажымұқанұлын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Олардың пікірінше, Камшаттың сахнадан кетуіне жары себепкер болған.

Бұрын кино және сахнадағы жарқын образдарымен, әндерімен танылған Кәмшат Жолдыбаева соңғы уақытта сахнадан көрінбей кетті, орамал тағып, киноға да түспей қойды. Көпшілік бұл өзгерістерді оның жұбайының ықпалымен байланыстырады.

Жанкүйерлердің ашуын туғызған басты жайт – Ғазреттің Кәмшатқа қатаң талап қойып отырғанымен, өзі әлеуметтік желілерде белсенді түрде тікелей эфирге шығып, басқа қыздармен сөйлесетіні.

«Ол Камшатты үйде ұстап отыр, ал бұрынғы әдемі бейнебаяндарын интернеттен өшіріп тастады», «Әйелін жасырып қойды, ал өзі TikTok-та қыздармен сөйлесіп отыр», – деп жазды оқырман.

Көпшілік оған Кәмшаттың еркіндігін шектеп, ал өзі онлайн өмірде еркін жүр деген айып тағып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Кәмшат Жолдыбаева музыкалық мансабын аяқтап, психолог мамандығына ауысқаны және Ақтөбеге, күйеуінің ата-анасының үйіне көшіп барғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ әнші ана атанғаны да белгілі болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Баян Алагөзова актриса Меруерт Өтекешоваға ай сайын 1 млн теңге көлемінде өмірлік зейнетақы тағайындады
Бүгін, 09:49

Баян Алагөзова актриса Меруерт Өтекешоваға ай сайын 1 млн теңге көлемінде өмірлік зейнетақы тағайындады

Сондай-ақ продюсер өзі негізін қалаған «Қазақ аруы» байқауының кезекті маусымын актрисаға арнайтынын мәлімдеді
Әнші Қарағандыға жасаған сапарында өңірдегі азаматтардың, әсіресе, мәдениет бөлімінің қызметкерлерінің келмегенін ашық айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →