×

Роза Әлқожа қонақ шақыруға ерінетін адамдарды сынады

Ол жақсы адамдармен шай ішудің өзі керемет сезім сыйлайтынын алға тартты. 

Роза Әлқожа қонақ шақыруға ерінетін адамдарды сынады
Instagram/bnygtx

Белгілі әнші Роза Әлқожа дастархан жайып, қонақ шақырғанды жаны сүйетінін алға тартты. Дегенмен өнер иесі үйіне мүлде қонақ шақырмайтын адамдардың барын айтып, оларды сынап тастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, қазіргі адамдар арасында еріншектік жиі байқалып жүр.

Жақсы адамдармен отырып ішкен бір шәугім шайдың өзі ерекше дәмді. Қазіргі заманда адамдар баяғыдай емес, жалқаулыққа салынып барады. Ал шынайы көңіл күй мен жүрек жылуын сыйлайтын – ол бір-бірімізбен жүздесу. Кейде үйге қонақ келмей, ет асылып, бауырсақ пісірілмесе, берекем кететіндей сезінемін. Кафеде отырып ішкен шайдан гөрі, үйге төрге шығарып, құрмет көрсеткен сәт әлдеқайда әсерлі. Осындай қазақы болмысыммен қала беретін шығармын, – деді әнші.

Сондай-ақ ол шынайы қарым-қатынастың адамға рухани байлық сыйлайтынын тілге тиек етті.

Кеше аяқ астынан қонақ шақырдым. Соңғы үш жылда бірге сапар шегіп, қуанышымды бөліскен Әділ Өтемістің ата-анасы мен нағашы әпкелерімді, құдаларымды үйге шақырдым. Бұл өмірде дәм-тұзбен қауышудың өзі – бір бақыт. Ана дүниеде не күтіп тұрғанын кім білсін, ал осы өмірде дәм-тұз қарыз болып қалмасын, – деп ойын түйіндеді Роза Әлқожа.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті елге қанша табыс әкелетіні белгілі болды
Кеше, 16:21

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті елге қанша табыс әкелетіні белгілі болды

Концерттік бағдарламаға әлемнің 29 елінен көрермендер билет сатып алған
Би билеген олимпиада чемпионның видеосы әлеуметтік желілерде жылдам тарап кетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →