×

Оранған соң «күйеуі қамап қойды» деген Кәмшат Жолдыбаева үндеу жасады

Ол көп уақыттан бері әлеуметтік желіде көрінбей кеткен еді. Осы жолы Кәмшат Жолдыбаева жаңалығын бөлісетінін айтты.

Оранған соң «күйеуі қамап қойды» деген Кәмшат Жолдыбаева үндеу жасады
Коллаж: stan.kz

KeshYou тобының экс-солисі әрі әнші Камшат Жолдыбаева ұзақ уақыт үзілістен кейін желіде үн қатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол көп уақыттан бері әлеуметтік желіде көрінбей кеткен еді. Осы жолы Кәмшат Жолдыбаева жаңалығын бөлісетінін айтты.

 Инстаграмда көптен бері бір көрінбедім. Сондықтан әдемі болсын деп, үстіме көйлегәмді киіп шықтым. Негізі инстаграмға аз шығатын немесе тіпті шықпайтындарға қызығамын. Нағыз өмір - экранның бер жағында ғой... Дегенмен арасында өздеріңізбен хәл сұрасып тұрған да жақсы-ау. Оның үстіне, сіздерге арнап жақында бір өнімді ұсынамын, Алла қаласа. Қандай өнім екеніне нұсқалар болса, жазып кетіңіздер. Сіздерді өте сағындым, - деді әнші.

Желі қолданушылары болса әнші көптен бері сағынып жүргендерін айтып жарысты.

Айта кетейік, бұған дейін тыңдарман қауым әншінің күйеуі, актер Ғазрет Қажымұқанұлын қатаң сынға алған болатын. Жанкүйерлердің ашуын туғызған басты жайт – Ғазреттің Кәмшатқа қатаң талап қойып отырғанымен, өзі әлеуметтік желілерде белсенді түрде тікелей эфирге шығып, басқа қыздармен сөйлесетіні. Ал  Кәмшат Жолдыбаева соңғы уақытта сахнадан көрінбей кетті, орамал тағып, киноға да түспей қойды. Көпшілік бұл өзгерістерді оның жұбайының ықпалымен байланыстырады.

Айта кетейік, 2023 жылы Кәмшат Жолдыбаева өзінен 5 жас кіші Ғазірет Қажымұқанұлы есімді актерге тұрмысқа шыққан. Осыдан кейін оранып, өнерден кететінін мәлім еткен. Нұр-Мүбәрак университетіне барып, араб тілін үйреніп жүргенін жеткізген. Сондай-ақ жаңа мамандық меңгергенін мәлімдеген. Бұдан былай әншілікті қойып, психология мен йогаға бет бұрғанын жеткізген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →