×

Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирде көрсетпек

Тұңғышы Әділет Әдия есімді бойжеткенмен шаңырақ көтереді. 

Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирде көрсетпек
instagram.com/saken_maigaziyev

«МузАРТ» тобының солисі Сәкен Майғазиев ұлы Әділеттің тойына дайындық жайлы айтып, келетін қонақтар санына тоқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сонымен қатар өнер иесі тұңғышының тойын тікелей эфирден көрсететінін алға тартты. 

Аллаға шүкір, өз аузымыз өз қолымызға жетіп, той жасауға шамамыз да жетеді. Алайда осыншама адам тілектес болып, атсалысады деген үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Алла разы болсын бәріне, іштей осыған қаншалықты лайықтымын деп ойлап қоямын. «Сәкен аға, сіздің де шарапатыңызды, шапағатыңызды көп көрдік», деп жатқан асыл азаматтарымыз, қарындастарымыз көп екен. Бізге келіп жеткен толассыз хаттар «бізді де шақыра салыңыздаршы», «жай тойда жүрейікші» деген жүз шақты хат келді. Жекеме қаншама адам жазып жатыр. «Мейрамхана 700-800 адамға ғана арналған. Алайда біз жай қатысқымыз келеді» деп жатқандар бар, – деді әнші. 

Әнші негатив жазып, той туралы мәліметтің көбейіп кеткенін сынап жатқандарға да үндеу жасады. 

Қазір дұрыс қабылдайды деп ойлаймын, әрине, негатив жазатындар да бар. «Сенің тойың кімге керек?» деп жазып жатқандарға айтарым, ондайға менің иммунитетім қалыптасқан. Бірақ шынында тойға қатысқысы келетіндер өте көп. Сондықтан тойды тікелей эфирде көрсетеміз бе деп отырмыз. Оған тіркелу керек болатынын құлағдар еткім келеді, – деді әнші.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Медиа маманы бұрынғы әйелін өзіне жала жауып, ел алдында қаралағысы келді деп айып таққан.
Айсәуле Бақытбек болған жағдайға қарамастан әкесін жақсы көретінін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →