×

Ермахан Ибраимов Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойында ерекше биімен көзге түсті

Би билеген олимпиада чемпионның видеосы әлеуметтік желілерде жылдам тарап кетті

Ермахан Ибраимов Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойында ерекше биімен көзге түсті
Сурет: бейнеден скриншоттар

Алматыда өткен белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойы жұлдызды қонақтар мен тікелей эфирмен ғана емес, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовтың тосын биімен де есте қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алтын медаль иегері, аты аңызға айналған боксшы Ермахан Ибраимов тойда би алаңына шығып, ерекше қимылдарымен қонақтарды таңғалдырды. Чемпионның би билеген видеосы әлеуметтік желілерде жылдам тарап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кетейік, бұл салтанатты кешке 800-ден астам қонақ шақырылған. Олардың қатарында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Президент көмекшісі Арман Қырықбаев, депутаттар, әкімдер мен мәдениет қайраткерлері болды.

Тойда ақылы онлайн трансляция жүргізілді — оған қосылу бағасы 1380 теңге болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тойды 7 мыңнан астам адам онлайн тамашалаған.

Іс-шараны продюсер Жан Мұқановтың агенттігі ұйымдастырса, жүргізушілер — журналист Анна Данченко мен асаба Азимбек Байлин болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →