Әнші Самат Жанғазин Қайрат Нұртас оның репертуарындағы жаңа әнін рұқсатсыз орындап жүргенін айтып, ренішін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz
Самат Жанғазин «О махаббат ғажапсың» деген әнін наурыз айында жарыққа шығарған. Тіпті, 4 наурыз күні тіркеп, авторлық құқық иесі атанған құжатын көрсетті.
Бұл қалай болғаны? Қайрат Нұртас бауырым менің еңбектеніп, композитор Дәурен Шәріп ағамызбен былтырдан бері дайындап, қаншама оны ұштап, күні-түні ұйықтамай студияда жазып, оранжировщик Азамат Сәбетов та жұмысын қойып, күн-түнге қарамай бізбен студияда жұмыс істеп, еңбектеніп жазған әнімізді дайын өнімдер сұрамай алып жаза салу деген қалай түсінесіздер? – дейді Самат Жанғазин.
Ол алғашқында адамгершілік тұрғысынан ешқандай сотқа бермегенін, тек әлеуметтік жеілде ғана жазғанын айтады.
Мұндай нәрсе істеу олардың репутацияларына және командасына кір келтіреді. Мен адамгершілікке салынып, сотқа жүгінген жоқпын. Авторлық құқыққа жазған жоқпын. Өздерінен күттім. Болмаған соң сториске «Авторлық құқығы қорғалған әнді Қайратқа сонда орындай беруге бола ма, хабарласыңыздар» деп салғанмын. Сөйтсем Салтанат деген әкімшісі «Жазыпсыз хабарласыңыз деп, хабарласып тұрмыз ал» дейді. «Кешірерсіз Салтанат, сіз хабарласуға міндеттісіз. Олай міндетсінбей-ақ қойыңыз» – дедім. Білмеймін, адамдарда адамгершілік болуы керек қой. Мен Дәурен ағаға барғанда «Аға, мен әйелім туралы ән жаздым келеді» деп айтқанда аға маған осы әнді көрсетті. Екеуіміз гитараны алып күні-түні отырдық. Қаншама өзгерістер енгізілді. Сөйтіп еңбектеніп бақшада егіп, баптап, суарып жемісін деймін дегенде «Бұл – менің бақшам, менің жемісім» деп піскен егісті жинап алса қалай боласыздар? – деп күйінді ол.