×

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті елге қанша табыс әкелетіні белгілі болды

Концерттік бағдарламаға әлемнің 29 елінен көрермендер билет сатып алған

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті елге қанша табыс әкелетіні белгілі болды
Сурет: Сергей Бобылев/ТАСС

Дженнифер Лопестің Алматыда өтетін концерті Қазақстан экономикасына 5 млрд теңге әкеледі,  деп хабарлайды Qaz365.kz

10 тамыз күні Алматының Орталық стадионында жылдың ең ауқымды шараларының бірі — әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шоуға билеттерді АҚШ, Германия, Қытай, Түркия, БАӘ, Мексика және ТМД елдерін қоса алғанда 29 елден көрермендер сатып алған.

Билеттердің 30%-ын шетелдік қонақтар иеленген — бұл шамамен 8 мың турист. Сарапшылардың бағалауы бойынша, олар Алматыда 3-тен 5 күнге дейін аялдап, қала экономикасына шамамен 5 млрд теңге қалдырады.

«Бұл оқиға Қазақстан нарығының әлемдік деңгейдегі іс-шараларға дайын екенін көрсетеді. Тур толықтай коммерциялық негізде, мемлекеттік бюджеттен бір тиын да жұмсалмайды»”, – дейді «Астана Концерт» продюсері Малик Хасенов.

Еске салсақ, билеттердің бағасы 40 мыңнан 180 мың теңгеге дейін, орташа құны — 90 мың теңге. Орындықтағы билеттер небәрі 6 сағатта сатылып кеткен, қазір сатылымда фан-зона мен би алаңына шамамен 2,5–3 мың билет қалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«100 әні бардай»: Мөлдір Мұқанова ән айтамын деп сынға қалды
10.07.2025ж. 11:38

«100 әні бардай»: Мөлдір Мұқанова ән айтамын деп сынға қалды

Өнер иесі «Арамызда қалсын бәрі» әнін орындаған. 
Ол арманына қол жеткізгенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →