Бұған Бауыржан Момышұлының оқиғасы әсер еткен.
Әнші, музыкант IL’HAN (Ильхан Ихсан) AIQAP подкастында өзінің тегіндегі «-ов» жалғауынан қалай бас тартқанын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Туу туралы куәлігімде «Ихсанов» деп жазылған. Жеке куәлік алар кезде фамилиямнан «-ов»-ты, әкемнің атынан -вичті алып тастадым, оның орнына «Аяпбергенұлы» дегенді жаздырдым. Бұл қадамға Бауыржан Момышұлының оқиғасы әсер етті. Ол кісі марапаттауға «Момышев» деп шақырғанда, «мен Момышев емеспін, Момышұлы деп шақырсаңдар ғана шығамын» деп шықпай қойғаны бар ғой», – деді Ильхан.
Оның айтуынша, мектеп кезінде бұл үрдісті бірнеше сыныптасы да қолдап, тектерін өзгерткен.