×

«Бір бөлшегімізді де жоғалттық»: танымал блогер анасының өмірден өткенін хабарлады

Ол анасының қатерлі ісіктен көз жұмғанын айтты. 

«Бір бөлшегімізді де жоғалттық»: танымал блогер анасының өмірден өткенін хабарлады
YouTube

Желіде Dragon KNM деген атпен белгілі қазақстандық блогер Нұргелді Кердеш әзіл-сықақ видеоларының басым бөлігін отбасына арнайтын. Алайда 2025 жылдың 5 қыркүйегінде блогер анасының өмірден өткенін хабарлады, деп жазады Qaz365.kz.

Сол күні Dragon KNM анасы түскен ескі видеолардан үзінділер жинақтап жариялады.

Біз бүгін анамыздан ғана айырылған жоқпыз… біз өзіміздің бір бөлшегімізді де жоғалттық. Сіз ең керемет ана болдыңыз. Әрқашан біздің жүрегіміз бен жадымызда қаласыз, – деп жазды ол бейнероликтің астына.

Нұргелді Кердештің Instagram парақшасына бес миллионнан астам адам жазылған. Сондықтан бұл қаза көпшіліктің жүрегіне ауыр тиді. Көптеген жанкүйер бұл жайтты жеке қайғысындай қабылдап, қолдау сөздерін қалдырды.

Ал 8 қыркүйекте блогер жаңа видео түсіріп, көпшілікті мазалаған сұраққа жауап берді.

Қымбатты достар, өткен жұма күні біз анамыздан айырылдық. Көпшілік себебін сұрап жатыр, сондықтан осы жерде түсіндіре кетсем. Бес жыл бұрын анамызға қатерлі ісік диагнозы қойылды. Осы жылдар ішінде біз барлығын жасап, қолдан келген емнің бәрін көрдік, шетелге де бардық. Амал нешік, жазғанға көнеміз, – деді ол.

Сөз соңында Нұргелді Кердеш барлық адамды жақындарын қадірлеуге және бірге өткізген әр сәтті бағалауға шақырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Блогердің адвокаты көлік емес, курс сатқанын айтты
Продюсер әйел адам әрқашан ер азаматынан бір саты төмен тұруы қажет екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →