×

Алтынай Жорабаева 37 келі салмақ тастағанын айтты

Алтынай Жорабаева 37 келі салмақ тастағанын айтты
скрин видео

“Құрмет” орденінің иегері, белгілі әнші Алтынай Жорабаева соңғы жылдары артық салмақтан арылып, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өнер иесі бүгінде бұрынғы қалпынан айтарлықтай арықтап кеткенін, алайда сын айтушылардың әлі де аз еместігін жеткізді.

Әншінің айтуынша, көп адам оны 20 жыл бұрынғы бейнесімен салыстырады:

«Көзіңді неге олай істегенсің? Түріңе не болып кеткен? Бұрынғы қалпың әдемі еді ғой» деп жазады. Жандарым-ау, мен 50 жасқа жақындадым ғой. 37 келі салмақ тастаған адаммын. Әрине, терім салбырайды. Жайлап жаттығулар жасап жатырмын, нәтижесі болар. Әлде семіріп, былшиып жүре берейін бе? Маған артық салмақ ыңғайсыздық тудырады. Денсаулыққа да өте зиян. Мүмкін, салбыраған терімді тартып тастармын, кім біледі?» – деді ол.

Жорабаева артық салмақ жинап алған кезеңі болғанын да жасырмады. Әсіресе декреттік демалыста отырған кезде килограмдары көбейіп кеткенін ашық айтқан.

«Алтынай қыздарыңыз 96 келіден 75 келіге түсті. Аллаға шүкір! Мақсатым – 60 келі болу. Алла денсаулық берсін!» – деп жазған еді өнер иесі әлеуметтік желіде.

Әнші бүгінде денсаулығына мән беріп, белсенді түрде жаттығулар жасап жүргенін атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«10 келі тастасаң, қыздай боласың»: Назарбаевтың құдасы Мақпал Жүнісоваға кеңес берді
10.03.2026ж. 15:19

«10 келі тастасаң, қыздай боласың»: Назарбаевтың құдасы Мақпал Жүнісоваға кеңес берді

Алматыдағы Мақпал Жүнісованың концертіне келіп сөз сөйлеген Асқар Құлыбаев елдің наразылығын туғызды
Мақпал Жүнісова инфаркт алғанын мәлімдеді
Танымал әртіс Дариға Бадықова Нұрсейіт Жылқышыбайдың YouTube-арнасындағы сұхбатқа байланысты сотқа жүгінген еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →