×

Әнші Рүстем Жүгінісовтің үстінен іс қозғалды

Іс қозғауға дәл қандай сөздер себеп болғаны әзірге нақты айтылған жоқ.

Әнші Рүстем Жүгінісовтің үстінен іс қозғалды
instagram.com/zhugunussov

Астанадағы Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың кестесінде әнші Рүстем Жүгінісовтің аты пайда болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Белгілі болғандай, ол туралы іс тамыз айынан бері қаралып келеді.

Әкімшілік кодекстің 453-бабының 2-бөлігі бойынша «ҚР аумағында мәліметтер мен материалдарды қамтитын масс-медиа өнімдерін тарату, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, егер бұл ic-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, экстремизмді немесе терроризмді насихаттау және ақтау, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық тәсілдері мен тактикасын ашу» бойынша жауапкершілікке тарту қаралып жатқаны белгілі болды.

Жеке тұлғалар үшін жаза ретінде 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Іс қозғауға дәл қандай сөздер себеп болғаны әзірге нақты айтылған жоқ.

Алайда болжам бойынша, бұл Жүгіносовтің Ақтөбедегі мешітте болған оқиғаға берген даулы жауабымен байланысты болуы мүмкін. Бұған дейін әлеуметтік желіде мешіттегі қыздың видеосы тараған еді: онда бейтаныс ер адам оған «бір реттік неке» ұсынған.

Осы жағдайға пікір білдірген әнші қызды арандатушылық жасады деп айыптап, мешітке ағасы не әкесімен баруға кеңес берген еді:

Әйелдің мешіті - оның үйі. Ер адамдар мешітте намаз оқығаны дұрыс болса, әйелдерге үйде оқығаны абзал. Өздеріңізден де бар. Мешітке барған қыздарды күйеу іздеп жүр деп ойлайды. Қарындасымыздың былай-былай шығып жүргені дұрыс емес.

Сонымен қатар ол қыздың мешітке әкесі немесе ағасының еріп баруы керек екенін айтқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →