×

"Киелі жетілік": Танымал әнші Төреғали Төрәлінің отбасында жетінші перзенті дүниеге келді

Нәрестенің есімі әлі қойылмаған

"Киелі жетілік": Танымал әнші Төреғали Төрәлінің отбасында жетінші перзенті дүниеге келді
Фото: instagram.com/impresario.tv

Танымал әнші Төреғали Төрәлінің отбасында жетінші перзенті дүниеге келді. Қуанышты хабарды белгілі қазақстандық продюсер, режиссёр әрі импресарио Жан Мұқанов жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Сүйінші! Бүгін – 7 сәуір күні, кешкі сағат жетіде жетінші перзент дүниеге келді. Бұл – жетінші қыз бала. Киелі жетілік! Шын жүректен құттықтаймын! Алла тағала сәбиге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, жарқын болашақ нәсіп етсін. Әке-шешесіне қуаныш, береке, бақыт әкелсін! Осындай ақжолтай сәттер қазақ еліне көбейе берсін! Құтты болсын!” – деп жазды импрессарио әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ Жан Мұқанов нәрестенің есімі әлі қойылмағанын айтып, оқырмандарынан лайықты есім ұсынуды өтінді.

“Сәбидің есімі әлі қойылған жоқ. Құрметті ағайын, қандай есім лайық деп ойлайсыздар? Пікірге ұсыныстарыңызды жазыңыздар – бәлкім, дәл сіз ұсынған ат бұйырар”, – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →