×

Мейрамбек Беспаев Еркеш Хасенге автокөлік сыйлады

Мейрамбек Беспаев Еркеш Хасенге автокөлік сыйлады
Instagram/ erkesh.khasen

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаев жас әріптесі Еркеш Хасенге автокөлік сыйға тартты. Бұл туралы Еркеш Хасен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, аға буын өкіліне алғысын білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайырымдылыққа толы бұл оқиға «Көвер шоу» бағдарламасының түсірілімінен кейін басталған.

Бағдарлама соңында Мейрамбек Беспаев Еркештен үйіне қайтатын көлігінің бар-жоғын сұраған. Жас әнші такси шақырып қойғанын айтқанда, бұл жауап Мейрамбектің көңіліне қатты әсер еткен. Келесі күні Беспаев әріптесін кеңсесіне шақырып, көлік сатып алуы үшін арнайы қаражат аударуға ниетті екенін жеткізген.

Мейрамбек Беспаев берген уәдесін көп ұзамай орындап, Еркеш Хасеннің есепшотына қажетті соманы аударып берді. Жас әнші ағасы сыйлаған қаражатқа жаңа темір тұлпар сатып алып, қуанышын оқырмандарымен бөлісті. Ол бұл қадамның өзі үшін күтпеген сый болғанын және Мейрамбек Беспаевтың мәрттігіне тәнті екенін жазды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →