×

«Түнде ұйқыдан қалдым»: Роза Әлқожа тағы да сырқаттанып қалғанын айтты

Әнші қазір шипажайда ем қабылдап жатыр

«Түнде ұйқыдан қалдым»: Роза Әлқожа тағы да сырқаттанып қалғанын айтты
Видеодан скриншот

Белгілі эстрада жұлдызы Роза Әлқожа сырқаттанып қалған. Ол қазір шипажайда ем алып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Соңғы вирус оңай тимеді. Үйде үш күн ауырдым. Бала-шағамыз бастаған, бізді де айналып өтпеді. Жолымбет ағадан барып үш рет озонотерапия алдым. Содан «қой, өзіме қарамасам болмас» деп, Қарағандыға ұшып кеттім. Осыдан жеті жыл бұрын құрбым осы шипажайға әкелген. Содан бері жылына бір рет келіп, құрбыммен ем алушы едік. Былтыр келмегендіктен бе, биыл грыжа, остеохондроз, протрузия шыдатпады. Түнде ұйқыдан қалдым. Аяқ астынан жиналдым да, осы жолы құрбыма да хабарласпай өзім келе бердім. Келген соң екі күн ұйықтап, сосын жан-жаққа қарай бастадым. Адамда көңіл күй мен денсаулық болса, алмайтын қамал жоқ. Сондықтан бес күн болса да, ем алуға уақыт бөлу керек екен», – деп жазды Роза Әлқожа.

Айта кетейік, бұған дейін әнші сырқаттанып жүргенін айтқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«10 келі тастасаң, қыздай боласың»: Назарбаевтың құдасы Мақпал Жүнісоваға кеңес берді
10.03.2026ж. 15:19

«10 келі тастасаң, қыздай боласың»: Назарбаевтың құдасы Мақпал Жүнісоваға кеңес берді

Алматыдағы Мақпал Жүнісованың концертіне келіп сөз сөйлеген Асқар Құлыбаев елдің наразылығын туғызды
Мақпал Жүнісова инфаркт алғанын мәлімдеді
Танымал әртіс Дариға Бадықова Нұрсейіт Жылқышыбайдың YouTube-арнасындағы сұхбатқа байланысты сотқа жүгінген еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →