×

Аяғы ауыр кезде күйеуі қуып жіберген әнші Индира Расылхан балаларын көрсетті

Ол екінші қызының мінезі қаталдау екенін айтқан

Аяғы ауыр кезде күйеуі қуып жіберген әнші Индира Расылхан балаларын көрсетті
Фото: instagram.com / indirarasylkhan

Бір кездері «Жапырақ жүрек жас қайың» деп әндеткен Индира Расылхан осы күні мотиватор-психолог болған. Дінге бет бұрды. Ол алғаш рет әлеуметтік желідегі парақшасында балаларын таныстырды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Әнші екі рет неке құрып, екеуі де сәтсіз аяқталған. Алғаш рет 18 жасында жар атанған. Ол аяғы ауыр кезде бірінші күйеуінің үйден сүйреп шығарып, қуып жібергенін, оның ел танитын азамат екенін айтқан болатын. Өзінен 12 жас үлкен азаматқа сеніп қалған ол, тіпті екінші әйел болуға келіскен. Одан егіз қыздарды дүниеге әкелген. Алайда қыздар әкесімен мүлдем араласпайды екен. Әкесі оларды тек бір айлығында көрген. Екінші жолдасынан  бір ұл, бір қыз туған. Асқар екеуі 20 жылдай бірге тұрған.

«Алланың сынағына шүкірлік айтып, бір қызымды алғаннан кейін, Алланың берген сыйы ғой – екі қыз. Көп нәрсе айтқым-ақ келіп тұр. Екеуі жайлы айтайыншы. Мені танығанымен, менің бала-шағамды танымайсыздар ғой. Жақынырақ таныстыра кетейін: Бірінші туған – Айдина. «Айдон»  дейміз бәріміз. Мінезі ашық жарқын, (экстраверт) ақкөңіл, қолындағысын аямай бере салады. Ақша жаратқанды жақсы көреді. Көп қыдырғанды ұнатпайды. Өзінен ештеңе аямайды. Өзін жақсы көреді және құрметтейді. Елмен тез тіл табысады. Көркем мінезді деп айта алмаймын, әлі күнге дейін еркелейді. Қырсық мінезімен күресіп келеді. Қызғаншақ адам. Өзінің алдындағы тамақты жесең, бәлеге қалдың дей бер. Менен сырын жасырмайды.
Көк инені артынан түрте алмайды, бірақ тамақ жасағанды қатырады», – дейді Индира Расылхан.

Ол екінші қызының мінезі қаталдау екенін айтқан.

«Екінші қызым – Дарина. Бәріміз «Дадош» дейміз. Мен «Тонь» деймін. Бәрімізді бір шыбықпен айдайды. Өзім де қорқып, аяқ тартып тұрамын. Өте ақылды. Артық сөз жоқ, сабырлы. Көп нәрсені ойланады. Жаңа ортаға барса, бірден араласып кетуі қиын. Ақша үнемдегіш. Бірақ қыдырғанды жақсы көреді. Мінезін көрсеткенде, үндемей қаламыз. Бірақ қайтымы тез. Бәрін ұмытып кетеді. Керемет әнші. Қолынан келмейтіні жоқ. Іс тігіп, тоқыма тоқиды. Кілемшелер тоқып жүр. Бірақ тамақты онша істемейді», – дейді әнші.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Зәке, сен мені кешір. Мен шаршадым»: Мақпал Жүнісова шешім қабылдады
10.05.2024ж. 13:07

«Зәке, сен мені кешір. Мен шаршадым»: Мақпал Жүнісова шешім қабылдады

Халық әртісі жеке парақшасында осы жазбасын кейін өшіріп тастады
Әншінің былапыт сөз айтқан видеосы әлеуметтік желіде жарияланған еді
Дмитро Гордон соңғы 6 жыл бойы Димаштың шығармашылығын үлкен қызығушылықпен бақылап келе жатқанын айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →