×

Айтыскер қыз Айшолпан Тілеутайға Түркияда ота жасалды

Ол артық салмақтан арылу үшін шетелдік мамандардың көмегіне жүгінген

Айтыскер қыз Айшолпан Тілеутайға Түркияда ота жасалды
Фото: скриншот

Айтыс аламанында ғана емес, әлеуметтік желіде де орамды ой, сүбелі сөзімен тыңдарманының талғамынан шығып жүрген Айшолпан Тілеутайға Стамбұлда ота жасалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айшолпан артық салмақтан арылу үшін шетелдік мамандардың көмегіне жүгінуге тырысқан.

«Құрметті менің оқырмандарым, жанашырларым, барлықтарыңызға алғысымды білдіремін. Операция сәтті өтті. Жағдайым жақсы. Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары салмағым күнде-күнде өсіп, артық салмақпен күресіп келе жатырмын. Осы мәселені шешу үшін мені Стамбұлға шақыртып, маған қолдау білдірген жанашыр жандарға алғыс білдіремін», – деп жазды айтыскер ақын.

Желі қолданушылары Айшолпан Тілеутайдың тезірек сауығып кетуін тілеп, түрлі пікір жазып жатыр.

«Сауығып, елге аман-есен орал», «Алла шипасын берсін», «Қарындасым, аман бол», «Сәтімен болсын. Тез жазыл, балам», «Қайсар қыз, аман бол!» – деп, желі қолданушылары тілектестіктерін білдіріп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Неге мас?»: Argonya-ның сахнадағы әрекеті желіде қызу талқыға түсті
24.07.2024ж. 16:50

«Неге мас?»: Argonya-ның сахнадағы әрекеті желіде қызу талқыға түсті

Видеода Argonya көпшілікті қандай да бір мерекемен құттықтайды
Концерт Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылады
Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова өз сұхбатында, мұндай қиындықты ешкімге тілемейтінін айтып, сындарлы сәтте қолдау білдіргендерге алғысын білдірді
Ол немерелерінің уайымдап жүргенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →