Ол артық салмақтан арылу үшін шетелдік мамандардың көмегіне жүгінген
Айтыс аламанында ғана емес, әлеуметтік желіде де орамды ой, сүбелі сөзімен тыңдарманының талғамынан шығып жүрген Айшолпан Тілеутайға Стамбұлда ота жасалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Айшолпан артық салмақтан арылу үшін шетелдік мамандардың көмегіне жүгінуге тырысқан.
«Құрметті менің оқырмандарым, жанашырларым, барлықтарыңызға алғысымды білдіремін. Операция сәтті өтті. Жағдайым жақсы. Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары салмағым күнде-күнде өсіп, артық салмақпен күресіп келе жатырмын. Осы мәселені шешу үшін мені Стамбұлға шақыртып, маған қолдау білдірген жанашыр жандарға алғыс білдіремін», – деп жазды айтыскер ақын.
Желі қолданушылары Айшолпан Тілеутайдың тезірек сауығып кетуін тілеп, түрлі пікір жазып жатыр.
«Сауығып, елге аман-есен орал», «Алла шипасын берсін», «Қарындасым, аман бол», «Сәтімен болсын. Тез жазыл, балам», «Қайсар қыз, аман бол!» – деп, желі қолданушылары тілектестіктерін білдіріп жатыр.